12.10.2018, 18:58 9681

Алматыда "Мобильді жұмыспен қамту орталығы" мен есірткіге қарсы "Наркопост" жобасы бірлесіп акция өткізді

Акцияныӊ мақсаты Алматы қаласындағы жастарды жұмысқа орналастыру, оларға көмектесу және жастардыӊ салауатты өмір салтын насихаттау мен дамыту, нашақорлық мәселесін тұрақты моральдық және психологиялық тұрғыдан бас тартқызу, есірткісіз жүйені қалыптастыру болып табылады.

Алматы. 12 қазан. Kazakhstan Today - 10 қазан күні Алматы қаласыныӊ "Байқоӊыр" метро станциясында "Мобильді жұмыспен қамту орталығы" мен "Наркопост" жобасыныӊ аясында есірткініӊ алдын алу және жұмысқа орналастыру жүйесі бойынша презентациялар өткізілді.

Іс-шара Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасыныӊ қолдауымен, қалалық Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорыныӊ бастамасымен ұйымдастырылды.

Акцияныӊ мақсаты Алматы қаласындағы жастарды жұмысқа орналастыру, оларға көмектесу және жастардыӊ салауатты өмір салтын насихаттау мен дамыту, нашақорлық мәселесін тұрақты моральдық және психологиялық тұрғыдан бас тартқызу, есірткісіз жүйені қалыптастыру болып табылады. Акцияға қала тұрғындары мен қонақтары, 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастар қатысты.

Акция барысында Алматыдағы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорыныӊ директоры А.К. Ауғанбаева алғы сөз сөйледі. Акция барысында жастар психологиялық денсаулық орталығыныӊ арнайы қонағы, нарколог А.А. Любушкинмен кездесті. Белгілі маман иесімен Лофт орталығыныӊ аумағында жастар үшін бірлескен семинарлар мен тренингтер жұмыс атқарған болатын. Любушкин Алексей қатысушыларды психикалық денсаулық орталығыныӊ, бұрынғы қалалық медициналық және әлеуметтік түзету орталығыныӊ қызметімен таныстырды. Ол медициналық-әлеуметтік оӊалту, есірткі маскүнемдігініӊ сараптамасы, сондай-ақ психотроптық заттардыӊ теріс пайдаланылуы сияқты мәселелер туралы айтып берді. Нашақорлық - бұл күрделі емдеуді қажет ететін ауру. Психиатриялық орталықтыӊ кез- келген консультациясы анонимді болып табылады, кез келген маӊызды сұрақтарға жауап алғыныз келсе, орталық Радостовец көш., 279 мекен -жайы бойынша орналасқанын атап өтті. Алматы қаласыныӊ Жұмыспен қамту орталығы өкілдері өз кезегінде, кеӊес беруге дайын болатын бірқатар мәселелерді жариялады, бұл жұмыссыздық, жұмыс берушілердіӊ қатысуымен байланысты сұрақтарды қамтиды.

Акция бағдарламасында бірнеше нақты белгілер көрсетілді:

1. Консультациялық орталық -жұмыспен қамту бойынша ақпараттық қолдау көрсетті;

2. Нашақорлық кешенді алдын-алу жұмыстарын жүргізді, психикалық денсаулық орталығыныӊ маманы азаматтардыӊ барлық сұрақтарына жауап беріп, ақпараттық парақшаларды таратты;

3. "Шұғыл түрде талап етілетін" газеті әрдайым соӊғы бос лауазымдармен қамтамасыз етілді, әрі қарай өӊдеуден кейін "Шұғыл түрде талап етілетін" онлайн-порталында жарияланады.

4. Психолог жұмысқа орналасу бойынша тегін кеӊесті алғысы келетіндермен бірге жұмыс істеді, мамандық таӊдау бойынша ұсыныс жасады, сондай-ақ жұмысқа өтініш бергенде табысты түйіндеме жазу және қажетті құжаттарды жазу принциптері туралы әӊгімеледі.

Еркін форматта, сағат 11.00-ден 16.00-ге дейін, акцияныӊ қатысушылары 312 сауалнама толтырып, 2000-ға жуық азаматтар хабардар болды. Адамдардыӊ еӊ көп саны мен ағымы 12-ден 14-ге дейін түскі ас кезінде болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны