30.07.2008, 15:28 3144

Алматыда мүгедек-әйелдердің қоғамы кеңсе ғимаратын өздеріне қалдыруды талап етіп отыр

Алматыда мүгедек-әйелдердің қоғамы кеңсе ғимаратын өздеріне қалдыруды талап етіп отыр

Алматы. 30 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда мүгедек-әйелдердің қоғамы кеңсе ғимаратын өздеріне қалдыруды талап етіп отыр. Бұл туралы кеше баспасөз мәслихатында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Тимур Құлбаевқа арнаған үндеулерінде "Бибі-Ана" қоғамының президенті Бибігүл Иманғазина мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Ұйым жетекшісінің айтуынша, мүгедек әйелдердің "Бибі-Ана" қоғамы 15 жылдан астам Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан ғимараттың бірінші қабатында орналасып, мемлекетке тиесілі болып келген. Алайда, ғимарат жеке қолға өтісімен қоғамдық ұйымда проблемалар туындаған.

Оның айтуынша, 4 тамыз күні мүгедек әйелдердің "Бибі-Ана" қоғамдық ұйымының мүшелері даулы ғимараттың жанында қарсылық акциясын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны