08.09.2017, 17:06 2993

Алматыда мүгедектерді қолдауға бюджеттен 4 млрд астам теӊге бөлінді

Бауыржан Байбек бүгінгі күні қалада мүмкіндігі шектеулі 43 мыӊнан астам азаматтыӊ тұратынын айтты. Биылғы жылы оларды техникалық қосымша көмек құралдарымен қамту үшін бюджеттен 4 млрд. теӊгеден астам қаржы бөлінген, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп. Мүгедектер үшін сапалы жабдықтар алынуда, жаяу жүргінші жолдары қайта жасалуда.

Алматы. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы әкімі БҰҰ-ныӊ мүгедектер құқығы жөніндегі арнайы баяндамашы Каталина Девандас Агилармен кездесті. Кездесу барысында тараптар мүгедектер профилактикасы, қала өмірінде оларды әлеуметтік қорғау, барлық мүмкіндіктерді жасау, қолдау және басқа да маӊызды мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Мегаполис әкімі Алматыда құрамына азаматтық қоғам өкілдері енген мүмкіндіктері шектеулі жандарды әлеуметтік жағынан қорғау жөніндегі Үйлестіру кеӊесініӊ жұмыс жасайтындығын айтты. ҮЕҰ ныӊ араласуымен мүмкіндігі шектеулі жандарға стационарда, жартылай стационарда және үйлерінде арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Қалада мұндай жандарға инклюзивті білім беруге ерекше назар аударылған, олар кәсіби жағынан қорғалған,түрлі нысандарға баруларына, көлікке мінулеріне жағдайлар жасалған, сонымен қатар әлеуметтік, спорттық, мәдени шаралармен қамтылған, деп хабарлайды қала әкімініӊ баспасөз қызметі.

Бауыржан Байбек бүгінгі күні қалада мүмкіндігі шектеулі 43 мыӊнан астам азаматтыӊ тұратынын айтты. Биылғы жылы оларды техникалық қосымша көмек құралдарымен қамту үшін бюджеттен 4 млрд. теӊгеден астам қаржы бөлінген, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп. Мүгедектер үшін сапалы жабдықтар алынуда, жаяу жүргінші жолдары қайта жасалуда.

"Егер қалада мүмкіндігі шектеулі жандарға жүру қолайлы болса, онда барлығына да жайлы. Алайда, еӊ бастысы - рухани бірлік, мемлекет тарапынан ғана емес, бұқарадан ткіелей қолдау тапқан мұндай жандар қашан да сергек болады", - деді Б.Байбек.

Өз кезегінде Каталина Девандас Агилар Қазақстан Республикасында тек саяси еркіндіктіӊ ғана емес, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандардыӊ тұрмысын жақсарту шараларыныӊ да салтанат құрғанын атап өтті.

"Ел заӊнамасы халықаралық стандарттарға сай жасалған, мүгедектермен жұмыс істеуде шетелдіӊ инновациялық әлеуметтік тәжірибесі қолданылуда, ал бұл оларға қатысты кешенді шаралардыӊ жүзеге асып жатқанын көрсетеді", - деп атап өтті БҰҰ-ныӊ арнайы баяндамашысы.

Ол Алматы қаласы мәслихатында мүмкіндігі шектеулі жандардыӊ болуын жоғары бағалады. Каталина Девандас Агилардіӊ пікірінше, бұл жалпы қоғамда мүгедек жандардыӊ әлеуметтік тиімділігін арттыруға ерекше ықпал етеді.

Еске сала кетейік, Алматыда мегаполис тіршілігініӊ бірқатар мәселелерін жүйелі түрде шешуге бағытталған жеті базалық жоба әзірленген. Басымдық берілген жобалардыӊ бірі "Қолайлы қала" деп аталады, басқаша айтқанда, Алматыны көліктердіӊ қаласы емес, адамдарға арналған қала ретінде таныту. Оны қоршауларсыз, соныӊ ішінде ділдік қоршауларсыз қалаға айналдыру. Қала тұрғындарымен бірлесе отырып жаяу жүргіншілерге арналған көшелердіӊ, саябақтардыӊ, скверлердіӊ алғашқы сызбалары, трамвай депосын жаӊғырту тұжырымдамасы және т.б. жасалды.

Қалада ауқымды көліктік реформаны жүзеге асыру одлан әрі жалғасын табуда. Тасымалдардыӊ ашықтығын қамтамасыз ету үшін көліктік төлем картасы қолданысқа енгізілді, 1,3 млн карта сатылды, ал бұл дегеніӊіз - қала тұрғындарыныӊ 70%-ы. Жолардыӊ көлікке арналған бөлігін босату үшін инновациялық паркоматтар орнатылуда.

Мемлекеттік құрылымдардыӊ ашықтығын арттыра түсу үшін "Open Almaty" қоғамдық қабылдауы атты пилоттық жоба іске қосылды, оған келіп түскен арыз-шағым нақты өмірлік қиындық ретінде қарастырылады. Арыз-шағымдар онлайн режимде қабылданады, әкімдіктіӊ колл-орталығы мен фронт-офисін ашу жоспарланған. Адамдарды "бір терезе" қағидаты бойынша әкімдік пен құқық қорғау органдарыныӊ қызметкерлері қабылдайтын болады.

Келесі бір бағыт - тұрғындар үшін қолжетімді сервис. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жыл сайын ПИК-тердіӊ жұмысына қатысты 2 мыӊнан астам арыз-шағым келіп түседі. Алматыныӊ "ПИК порталы" іске қосылған, онда үйдіӊ қай ПИК-ке қатысты екені, оныӊ жұмыс тәртібі, нормативтік құжаттардыӊ жобалары туралы білуге, сұрақ қоюға болады. ПИК бюджетін жұмсау, бос орын-жайларды ұстау, жөндеу және жалға алу, сондай-ақ, жалыту маусымына дайындық тарифтерін бекіту ережелері жасалған. "Тұрғын үй қатынастары туралы" заӊға енгізілетін ұсыныстар топтамасы енгізілген.

Жұртшылықты мекемелердіӊ ағымдағы шығындары туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету, алымдар мен заӊсыз іс-әрекеттерден қорғау мақсатында "Ашық бюджет" атты жоба жүзеге асырылуда. Бұл сондай-ақ инвесторларға қалалық жобаларға бағытталып жатқан бюджеттерді талдауға, оларды мемлекет пен жекеніӊ серіктестігі принциптерініӊ негізінде өз ұсыныстарын әзірлеу үшін пайдалануға мүмкіндік береді.

Жекелеген мемлекеттік органдар мен шенеуніктердіӊ ақпаратқа орнатып алған монополияларын бұзу үшін біртіндеп Big Data қалыптастырылуда. Мәселен, Алматы порталында "Бас жоспар" мәліметтері ашылған, онда қызыл сызықтардыӊ схемалары, жылу және электр, су қамтамасыздығы жүйелерініӊ қуаттылығы жайлы ақпараттар орналастырылған. Бұл инженерлік жобаларды жасау уақытын екі есе қысқартты.

Қаланы дамыту бағдарламасыныӊ басты басымдықтарыныӊ бірі - қауіпсіздікті күшейту болып табылады. Алматыда осыдан бес жыл бұрын құқық бұзушылықтардыӊ алдын цифрлық жолмен алу және мониторинг жүргізу жобасы қолданысқа енгізілген. Бейнебақылау камераларыныӊ көмегімен қоғамдық орындардағы ұрлықтар деӊгейі біршама төмендеді, жол қозғалысы ережелерін бұзудыӊ 2 млн астам оқиғасы тіркелді. Қала мектептерінде осымен үшінші жыл бейнебақылау жүйесі жұмыс істеуде. Балабақшалар жүйесін қоса отырып жобаны масштабтауды сервистік келісім-шартқа сәйкес мемлекет пен жекеніӊ серіктестігі принциптерініӊ негізінде жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзініӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаҺандық бәсекеге қабілеттілік" атты жолдауында Қазақстанда үшінші жаӊғыру толқынын қамтамасыз ету мақсатын алға қойған болатын.

"Еліміздіӊ жаҺандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете алатын экономикалық өсімніӊ жаӊа моделін жасау қажет", - деп нақтылады президент. Ол цифрлық технологияларды қолдана отырып құрылатын жаӊа индустрияларды көбейту, сондай-ақ, өнеркәсіп, АӨК, көлік және логистика, құрылыс секторы және т.б. секілді дәстүрлі базалық салалардыӊ дамуына тыӊ серпін беру қажеттігін атап өткен болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны