20.07.2018, 17:33 9599

Алматыда мүгедектерге күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы туралы түсініктеме берілді

Жәрдемақыныӊ мөлшері ағымдағы жылы 1,05 еӊ төменгі күнкөріс деӊгейіне теӊ болады немесе 29 699 теӊгені құрайды. Жәрдемақы жасы 18-ден асқан бала жастан бірінші топ мүгедектеріне күтім жасауды жүзеге асыратын адамдарға төленетін болады

Алматы. 20 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы қаласы Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Еӊбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетініӊ Алматы қаласы бойынша департаментініӊ басшысы Айдынжан Нарматов 2018 жылдыӊ 1 шілдесінен бастап 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы туралы түсініктеме берді.

Департамент басшысы 2018 жылдыӊ 1 шілдесінен бастап 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасайтын адамдарға мемлекеттік жәрдемақы берілетінін еске салып өтті.

"Жәрдемақыныӊ мөлшері ағымдағы жылы 1,05 еӊ төменгі күнкөріс деӊгейіне теӊ болады немесе 29 699 теӊгені құрайды. Жәрдемақы жасы 18-ден асқан бала жастан бірінші топ мүгедектеріне күтім жасауды жүзеге асыратын адамдарға төленетін болады",- деді ол.

Осы орайда, мүгедектіӊ өзіне тиесілі барлық әлеуметтік төлемдер сақталатынын айта кеткен жөн.

Жәрдемақы бала жастан бірінші топ мүгедегініӊ өзі немесе оныӊ заӊды өкілі жүгінген күннен бастап мүгедектік белгіленген барлық кезеӊге тағайындалады.

Бұл ретте бала жастан бірінші топ мүгедегініӊ күтіміне берілетін жәрдемақы:

1) кәмелет жасына толмағандарға;
2) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танығандарға;
3) психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұратындарға тағайындалмайды.

Отбасында екі және одан көп бала жастан бірінші топ мүгедегі тұратын болса, жәрдемақы олардыӊ әрқайсысына жеке тағайындалады және төленеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны