05.11.2018, 00:06 5717

Алматыда мүмкіндігі шектеулі балалар үшін реабилитациялық орталық ашылды

Айта кетерлігі, Алматыда әлеуметтік саланы қаржыландыру соӊғы үш жылда 2,5 есе өсті. Биылғы жылы тек мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға ғана қала әкімдігі 7 млрд. теӊгеден астам қаржы бөлді.

Алматы. 4 қараша. Kazakhstan Today - Алматыныӊ Түрксіб ауданында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін "Мейірім" атты ерекше реабилитациялық орталық ашылды. "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында алматылық кәсіпкер Қайрат Боранбаев құрылысқа 2 млрд. теӊге жеке инвестициясын салды.

"Мейiрiм" атты жаӊа орталық церебралды паралич ауруына және басқа да сырқаттарға ұшыраған, интеллектуалдық дамуы төмен, сонымен қатар Даун синдромына шалдыққан 3-тен 15 жас аралығындағы мүмкіндіні шектуелі балаларға есептелген.

Мекеменіӊ бір ерекшелігі, мұнда әр бала үшін коррекциялық және реабилитациялық дамудыӊ жеке әдісі жасалған. Балалар коррекциялық-даму сабақтарына қатысады, оларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетіледі, емдеу физкультурасы, массаж, физиотерапия, әлеуметтік-еӊбек реабилитациясы, музыка, көркем және ойын терапиясы жұмыс істейді.

Орталық аумағына айрықша инклюзивті балалар алаӊы орналасқан, мұнда олар түрлі жаттығулар жасайды, өздерін тік ұстап, координацияларын, жалпы және шағын моториканы, күштерін, ептілігін, көру қабілеттерін, тактильді сезінулерін, жетілдіреді және топ болуға ойнауға бейімделеді. Жалпы, орталық айналасында мүгедек арбасындағы және мүмкіндігі шектеулі балалардыӊ еш кедергісіз қозғалуы үшін барлық жағдайлар жасалған.

"Илеуметтік қоғамныӊ басты мәні - адамдарды жалғыз қалдырмау. Мемлекет басшысы бұған айрықша назар аударуда, осыған орай алматылық кәсіпкерлердіӊ басым көпшілігі "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында мұндай әлеуметтік бағдарламаларға қолдау білдіруде. "Болашақ" қоры қамқоршылар кеӊесініӊ төрағасы ретінде аутизм проблемасымен біз кеӊінен айналыстық. Жеке қаржыны тарта отырып, инклюзиді қолдаудыӊ 20 кабинеті ашылды, оныӊ 7-і Алматыда. Өз кезегінде қалалық әкімдік тарпынан біз көшелерді абаттандырып, барлық тұрғындар үшін қолайлы жағдайлар жасаудамыз. Олардыӊ арасынан сәбидіӊ арбасын сүйреген аналарды, қарттарды және мүкіндігі шектеулі жандарды көруге болады. Қазіргі кезде реконструкция аясында біздіӊ қаламыз ерекше қолдауды қажет ететін адамдар үшін барынша қолайлы болуда", - деп атап өтті Алматы әкімі Бауыржан Байбек балалардыӊ ата-аналарымен кездесуде.

Айта кетерлігі, Алматыда әлеуметтік саланы қаржыландыру соӊғы үш жылда 2,5 есе өсті. Биылғы жылы тек мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға ғана қала әкімдігі 7 млрд. теӊгеден астам қаржы бөлді.

Қазіргі кезде қалада 23 реабилитацилық орталық жұмыс істейді, олардыӊ теӊ жартысы жекенікі. Өз кезегінде "Мейiрiм" орталығы 2007 жылы әкімдік уақытша пайдалануға берген №250 бала бақша базасыныӊ негізінде ашылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны