13.08.2015, 13:25 4153

Алматыда музыкалық мектепте өрт шықты

Оныӊ айтуынша, ғимараттыӊ шеберлік сыныбы өртке оранған. Тілсіз жау 12 шаршы метр аумақты шарпыған.

Алматы. 13 Тамыз. Kazakhstan Today - Алматыда дарынды балаларға арналған Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық мектеп-интернатында өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова айтты, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, ғимараттыӊ шеберлік сыныбы өртке оранған. Тілсіз жау 12 шаршы метр аумақты шарпыған.

"Өрт туралы хабарлама 10:58-де түскен. Өрт сөндірушілердіӊ жедел әрі сапалы жұмысыныӊ арқасында өрт 11:16-да сөндірілді. Барлығы 13 техника мен 44 адам жұмылдырылды", - деді ол.

Жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өрттіӊ шығу себептері анықталуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны