17.04.2018, 19:20 3591

Алматыда Н.Тілендиевтіӊ мұрасын дәріптеу мақсатында тағылымдық-өнегелік кездесу өтті

Қазақстанныӊ, Кеӊес Одағыныӊ халық әртісі, Халық Қаһарманы, ҚР Мемлекеттік сыйлығыныӊ иегері, әйгілі композитор, дирижер, күйші Нұрғиса Тілендиев исі қазаққа тән перзент ғана емес, ол тұтас түркі жұртына танылған ортақ ұлы тұлға.

Алматы. 17 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы қаласында 2018 жылдыӊ 17 сәуірі күні Н.Тілендиевтіӊ мемориалды музейі С.Бегалин атындағы орталық қалалық балалар кітапханасымен бірлесе отырып #НҰР АҒА #РУХАНИ ҚАЗЫНА #ДАРА ТҰЛҒА тақырыбынды тағылымдық-өнегелік кездесу өткізді.

Қазақстанныӊ, Кеӊес Одағыныӊ халық әртісі, Халық Қаһарманы, ҚР Мемлекеттік сыйлығыныӊ иегері, әйгілі композитор, дирижер, күйші Нұрғиса Тілендиев исі қазаққа тән перзент ғана емес, ол тұтас түркі жұртына танылған ортақ ұлы тұлға.

Сондықтан, Ұлы композитордыӊ мәдени мұрасын ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру, ұлттық рухани құндылықтарымызды сақтау, насихаттау, дәріптеу, Мәӊгілік Ел ұрпақтарына қалдыру маӊызды.

Тағылымдық-өнегелік кездесу барысында С. Бегалин атындағы орталық қалалық балалар кітапханасымен бірлесе отырып, қазақ халқыныӊ мәдениетін, тарихи киелі жерлерін көпшілікке таныту мақсатында кітап көрмесі жасақталып, сонымен қатар, Н. Тілендиевтіӊ мемориалды музейініӊ қорынан жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Жылжымалы көрмеде Нұрғиса Тілендиевтіӊ фотосуреттері, концерттік костюмдері, афишалар, кітаптар мен ноталар жинақтары, музыкалық аспаптары қойылды.

Елбасыныӊ "Туған жер" бағдарламасы аясында жасақталған кітап көрмесі "Туған жер", "Қазақстаныӊ киелі географиясы", "Ин қанатын қаққанда" атты 3 негізгі бөлімнен тұрады.

Тағылымдық-өнегелік кездесуге ҚР Еӊбек сіӊірген қайраткері, Н. Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлы-этнографиялық "Отырар сазы" оркестрініӊ бас дирижеры және көркемдік жетекшісі Дінзухра Нұрғисақызы Тілендиева мен

ҚР Мәдениет қайраткері, "Илқисса" домбыра мектебініӊ жетекшісі, "Отырар сазы" оркестрініӊ кезіндегі әртісі Қанатбек Саден қатысты.

Аталмыш іс-шараға мектеп оқушылары, ЖОО студенттері, мәдениет және білім саласы қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны