27.02.2008, 11:48 2094

Алматыда наурыз айында ауа температурасы нормадан аспайды

Алматыда наурыз айында ауа температурасы нормадан аспайды

Алматы. 27 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда наурыз айында ауа температурасы нормадан аспайды, деп хабарлайды агенттік "Ауа райын болжау орталығына" сілтеме жасай отырып.

"Айдағы орташа температура 2 градус жылылықты көрсетеді деп күтілуде", -деп хабарлайды ауа райын болжау орталығының директоры Светлана Аманқұлова.

Синоптиктердің болжаулары бойынша, Алматыда наурыз айының бірінші он күндігінде ауа температурасы түнде 7 - 12 аяздан 0 - 5 грудус жылылыққа дейін көтерілсе, күндіз 0 - 5 тен 5 - 10 жылы болады. Он күндіктің соңында ауа температурасы сәл төмендейді.

Ал екінші он күндікте ауа температурасы түнде 5 - 10 грудус аяз болып, күндіз 0 - 5 жылылықты көрсетеді. Кейін түнде 3 грудус суық - 2 грудус жылылыққа ауысып, күндіз 10 - 15 жылы болады.

Үшінші декадада ауа температурасы көтеріледі деп топшылануда. Түнде 0-5 грудус жылы болса, күндіз 15-20 грудус жылылыққа дейін барады.

Ауа райын болжаушылардың айтуынша "наурыз айында жауатын жаңбыр нормадан төмен болады (норма - 65 мм)".

Жаңбыр бірінші он күндіктің басы мен аяғында, екінші декаданың бірінші жартысында және үшінші он күндікте жиі жауатын болады. Тұман бірінші он күндікте және айдың аяғында болады деп болжануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны