08.09.2017, 16:03 6048

Алматыда "Нұр Отан" партиясынан мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсынылды

Олар- "Алматы қаласыныӊ даму Орталығы" АҚ-ныӊ басқарма төрайымы Жанна Төлегенова, "Юником Бизнес Груп" ЖШС директоры Вячеслав Банщиков және Халықаралық инновациялық технологиялар университетініӊ ректоры Дамир Шыныбеков.

Алматы. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда "Нұр Отан" партиясыныӊ Алматы қалалық филиалыныӊ кезектен тыс өткен ХX конференциясында қала мәслихатыныӊ депутаттығына партиядан кандидаттар ұсынылды деп хабарлайды "Нұр Отан" партиясы қалалық филиалыныӊ баспасөз қызметі.

Конференция делегаттары қала мәслихатыныӊ шығып қалған орындарына жоғары оқу, бизнес және ғылыми- зерттеу салаларынан 3 кандидатты ұсынды. Олар- "Алматы қаласыныӊ даму Орталығы" АҚ-ныӊ басқарма төрайымы Жанна Төлегенова, "Юником Бизнес Груп" ЖШС директоры Вячеслав Банщиков және Халықаралық инновациялық технологиялар университетініӊ ректоры Дамир Шыныбеков.

Бүгінгі таӊда партияныӊ Алматы қалалық филиалыныӊ құрамында 90 000-ға жуық партия мүшесі мен 700 бастауыш партия ұйымдары бар. Конференция барысында "Үздік бастауыш партия ұйымы" конкурсыныӊ жеӊімпаздары мараптталды.

Олардыӊ арасында "Железные дороги Алматы-2", "Атрикс строй", "КазНИИ кардиологии", "АлЭС", №12 емхана, "Алматинский колледж строительства и народных промыслов", "Алматы су Холдингі", "АЗМК", "Ассоциация бухгалтеров и аудиторов" және басқаларыныӊ бастауыш партия ұйымдары бар.

Бастауыш партия ұйымдары жыл бойына көптеген қоғамдық-мәдени шаралар өткізді, ардагерлер, ерекше қажеттіліктегі азаматтар, жетім балалар, тұрмысы төмен жандар үшін қайырымдылық акцияларын ұйымдастырды.

Конференцияныӊ жұмысына қала мәслихатыныӊ депутаттары, "Нұр Отан" партиясы қалалық филиалыныӊ Бюро және Саяси кеӊесініӊ мүшелері, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардыӊ басшылары, "Жас Отан" жастар қанатыныӊ өкілдері және басқалары қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны