30.12.2013, 13:35 4090

Алматыда ойын-сауық кешенінде ірі өрт шықты

Өрт аумағы 650 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ",- деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Алматы. 30 желтоқсан. Kazakhstan today. Алматыда ойын-сауық кешенінде ірі өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan today.

"Алматы қаласының Жетісу ауданында, 2013 жылғы 29 желтоқсанда кешкі сағат 18.25-те "Трезор" ойын-сауық кешенінің екі қабатты ғимаратының шатыры өртеніп, от ұшқындары жанында тұрған жекеменшік үйге ауысты. Өрт аумағы 650 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ",- деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы қаласының өрт сөндіру қызметінің 16 техникасы мен жеке құрамының 62 адамы жұмылдырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны