12.01.2016, 09:11 3933

Алматыда "Оӊай" төлем жүйесі барлық қоғамдық көліктерде іске қосылды

Алматыда аты жарты жыл жарнамаланған "Оӊай" деп аталатын төлем жүйесі бүгіннен бастап барлық қоғамдық көліктерде іске қосылды. Яғни, бұдан былай арнайы картасыз ешқандай төлем жасай алмайсыз.

Алматы. 12 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматыда аты жарты жыл жарнамаланған "Оӊай" деп аталатын төлем жүйесі бүгіннен бастап барлық қоғамдық көліктерде іске қосылды. Яғни, бұдан былай арнайы картасыз ешқандай төлем жасай алмайсыз. Жалпы, жаӊа жүйені жұрт әуелден-ақ жақтырмай қабылдаған еді. Екі миллионға жуық халық тұратын Алматы мұндай жаӊашылдықты әлі толық меӊгеріп біткен жоқ. "Оӊай" төлем жүйесініӊ қаншалықты оӊай екенін Жарас Ниязбек анықтап көрді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алматы қалалық көлік холдингініӊ кеӊсесі таӊ атқалы нөпір халықтан босамады. Бәрініӊ мәселесі бір - "Оӊай" төлем картасына қатысты. Жиналғандардыӊ дені - студенттер. Оқу орны беруі тиіс жол жүру картасы әлі күнге қолдарына тимеген. Айтуларынша, техникалық база жұмыс істемейді. Студенттердіӊ бірі бүгін екі мәрте автобустан күштеп түсірілгенін айтады, деп хабарлайды www.31.kz тілшісі.

ҚУАНЫШ САРМАНҚҰЛОВ, студент:

- Бізге университет базаны дұрыс толтырмай, карточка бермеген "оӊай" жүйесініӊ. Студенттердіӊ көбісіне бермеген. Сол мәселемен келіп тұрмыз. Мына жаққа келсек, бұлар университетке жібереді. Университет осында жібереді. Карточкамызды ала алмай жүрміз.

Оған қоса, терминалдан төлем картасына салынған ақша бірден түспей қинайды дейді жолаушылар. Қоғамдық көліктердегі "оӊай" терминалдары да жиі істен шығады деп шағымданады.

Алматы көлік холдингініӊ мәліметінше, бүгінге дейін жарты миллионнан астам "Оӊай" карточкасы сатылыпты. Алайда жолаушылардыӊ көпшілігі бұл картаны әлі де алып үлгермеген. Сондықтан қоғамдық көлікке кіргенде амалсыздан қолма қол төлем жасауға мәжбүр.

"Оӊайдан" жақсылық күтетін жүргізушілер еӊбекақыныӊ аздығын айтады. Сондай жүргізушініӊ бірі Исабек Сүлейменов жаӊа жүйеге халық үйрене алмай жатыр дейді. Өткен айда 60 мыӊ теӊге алған ол айлық көбейер деген үмітте.

ИСАБЕК СҮЛЕЙМЕНОВ, автобус жүргізушісі:

- Таӊғы төртте тұрамыз. Түнгі 11-12-де үйге келеміз. Негізі, айлық аз деп ойлаймын. "Оӊай" жүйесі шыққалы айлық жақсы төлейміз деген.

Жаӊа жүйе толық іске қосылған алғашқы күні-ақ біраз келеӊсіздік байқалды. Олар: кей бағыттарда кондукторлар жолақы жинаған, біраз көлікте терминал уақытша істен шыққан, тіпті, жүргізушілердіӊ жолақы жинағаны да жиі ұшырасты. Заӊ бойынша бұл әрекетке 10 мыӊ теӊгеден астам айыппұл қарастырылған. Алайда мұндай еркіндік 18 қаӊтарға дейін ғана.

МАДИНА ИЛІМЖАНОВА, "Алматы қаласы Көлік Холдингі" ЖШС-ніӊ баспасөз хатшысы:

- 18 қаӊтардан кейін терминал істеген жағдайда карточкасы болмаған адам автобусқа отыратын болса, оған екі айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. 4242 теӊге мөлшерінде айыппұл салынады.

"Оӊай" басшылары сатылуы тиіс картаныӊ минималды мөлшері 2 миллион деп меже қойыпты. Ал бүгінге дейін сатылған карталар арқылы 300 миллион теӊгеге ақша аударымы болған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны