08.12.2012, 17:31 3064

Алматыда "Онлайн-журналистика және блогинг" блог-конференциясы басталды

Конференцияның мақсаты - Қазақстан блогосферасының бүгінгі деңгейін көрсетіп, оның одан әрі сапалы дамуы үшін өзекті факторлар қалыптастыру. Екі күн бойы блогерлер мен журналистер Қазақстандағы азаматтық журналистиканың дамуын, мультимедиялық контентті толықтыру, интернеттегі троллинг мәселелерін талқылайды.

Алматы. 8-желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматыда "Онлайн-журналистика және блогинг" блог-конференциясы басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Конференцияның мақсаты - Қазақстан блогосферасының бүгінгі деңгейін көрсетіп, оның одан әрі сапалы дамуы үшін өзекті факторлар қалыптастыру. Екі күн бойы блогерлер мен журналистер Қазақстандағы азаматтық журналистиканың дамуын, мультимедиялық контентті толықтыру, интернеттегі троллинг мәселелерін талқылайды.

Блог-конференцияға "Эхо Москвы" бірнеше бағдарламасының авторы, тележүргізуші, блогер Александр Плющев пен Advertos.ru коммуникация агенттігінің дамыту жөніндегі директоры Лина Удовенко қатысуда. Сонымен қатар конференцияға Қазақстанның, Қырғызстан мен Ресейден келген 150-ден астам онлайн-БАҚ өкілдері мен блогерлер қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны