15.10.2007, 15:39 3409

Алматыда оңтүстік өңірдің "Алау" әскери-спорт ойындарының финалы өтеді

Алматыда оңтүстік өңірдің "Алау" әскери-спорт ойындарының финалы өтеді.

Алматы. 15-қазан. "Қазақстан Бүгін" - 16-қазанда Алматы қаласының "Горное солнце" балаларды сауықтыру лагерінде оңтүстік өңірдің "Алау" әскери-спорт ойындарының финалы ашылады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығынан хабарлады.

Оқу-әдістемелік орталықтың ақпараттарына сүйенсек, 21-қазанға дейін созылатын жарысқа Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Алматы қаласының жеңімпаздары - 7-8 сынып оқушылары қатысады. Финалда спорттың әскери-қолданбалы түрлері бойынша бәйге, патриоттық жырлардың байқауы, "Ардагер", "Сөнбес жұлдыздар" және "Асыл мұра" бағыттарындағы "Атамекен" бағдарламасы аясындағы іздеу-өлкетану жұмыстарының қорытындысын шығару қарастырылған.

Оқу-әдістемелік орталықтың хабарлауынша, әскери патриоттық ойын мектеп оқушыларын отаншылдыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау, оқушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеу, олардың азаматтардың отанын қорғаудағы конституциялық құқықтарын игеруі, сонымен қатар бастапқы әскери дайындық тәжірибелерін оқыту мақсатында жүргізілуде.

"Алау" әскери-спорттық ойынның ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің қолдауымен Білім және ғылым министрлігі болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны