08.11.2016, 16:21 4018

Алматыда "Оралман" толықметражды көркем фильмініӊ жабық көрсетілімі өтті

Фильм Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25-жылдық мерейтойына орайластырылған. Кинотуынды ХХ ғасырдыӊ 30-шы жылдары туған жерінен кетуге мәжбүр болған, алайда ондаған жылдар өткен соӊ еліне қайта оралған қандастарымыз жайлы.

Алматы. 8 қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда "Оралман" толықметражды көркем фильмініӊ жабық көрсетілімі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Bekmambetov cinema кинотеатрында режиссер Сәбит Құрманбековтыӊ "Оралман" толықметражды көркем фильмі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне көрсетілді. Фильмді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген.

Фильм Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25-жылдық мерейтойына орайластырылған. Кинотуынды ХХ ғасырдыӊ 30-шы жылдары туған жерінен кетуге мәжбүр болған, алайда ондаған жылдар өткен соӊ еліне қайта оралған қандастарымыз жайлы.

Фильмді түсірушілердіӊ айтуынша, Қазақстандағы кино прокатыныӊ талаптарына сәйкес, фильм ел кинотеатрларындағы прокатқа шығу үшін алдымен шетелдердегі немесе елдегі кинофестивальдарда көрсетіліп, жүлде алуы қажет. Сол себепті әлеуметтік драма жанрында түсірілген фильмді дүниеге әкелген шығармашы қауым кино жұртшылық назарына кешікпей жетеді дегенге сенім білдірді. Таяу уақыттарда оны Германияда өтетін "А" сыныпты фильмдер фестиваліне ұсыну көзделіп отыр.

Фильмніӊ жабық көрсетіліміне жиналған журналистер жаӊа туындыны жылы шыраймен қарсы алды. Оны талғампаз көрерменніӊ көӊіл үдесінен шығатын ойлы фильмдердіӊ санатына жатқызды жиналған жұртшылық.

Фильмде бас рөлді сомдаған Дулыға Ақмолда фильмніӊ сценарийін жазған шығармашыл ұжымныӊ көрерменге айтпақ болған ойын жеткізу, еӊ бастысы, отанына оралу және қандай да қиындыққа төзіп, атамекенде қалу туралы бабаныӊ өсиетін орындауға бел буған бас кейіпкер Сапарқұлдыӊ бейнесін жасау аманатты орындаудай оӊай болмағанын атап өтті.

Сазгер Айдос Сағат "Оралман" көркем фильміне музыка жазу туралы ұсынысты зор қуанышпен қарсы алғанын жеткізді. Фильмніӊ қаржысы тапшы болуға байланысты оныӊ сәтті шығуына ұжым барын салғанын атап өткен ол осы мақсатта музыкалық аспаптардыӊ барлығында бір өзі ойнағанын айтты.

Фильмніӊ Ауғанстан жайлы айтылатын тұстары Тәжікстанда, кейбір тұстары Алматы маӊындағы Сарыөзек кентінде, сондай-ақ, Байқоӊырдыӊ Төретам кентінде түсірілген.

Жабық көрсетілім барысында фильмніӊ сценарий авторы, кинодраматург Нұрлан Санжар фильм жайлы былай деді: Қаржыландырудыӊ кешіктірілуіне байланысты бұл фильмніӊ көрермен қауымға жетер жолы ұзақ әрі күрделі болды. Десек те, қаржы бөлініп, үлкен экранға шықты. Кино атамекеніне қоныс аударуды армандайтын қарапайым адам туралы. Фильм авторыныӊ бірі ретінде, қазақ үшін Отан ұғымы күн көріс қамы ыӊғайлы жер емес, байтақ дала екендігін жеткізгім келді.

Сондай-ақ, режиссер Сәбит Құрманбеков фильмді сахналауға қалай келгендігін айтты: Нұрлан Санжардыӊ сценарийін қолға алғанда, көз алдыма туған жеріне бет алған адамдардыӊ тозақтан жұмаққа қарай келе жатқан кейпі келе қалды. Өйткені меніӊ кейіпкерім Ауғаныстаннан Қазақстанға қоныс аударған қандасымыз.

Фильм жайлы: Фильм ХХ ғасырдыӊ 30-шы жылдары қызыл әскердіӊ жендеттерінен Ауғаныстанға қоныс аударуға мәжбүр болған қазақ отбасы туралы. Бас кейіпкер Базарбай қарттыӊ бір қызы мен ұлы сол жақта дүниеге келеді. Балалары есейіп, отбасын құрады. Ұлы Сапарқұл жергілікті пуштун ұлтынан келіншек алады. Ал қызы ауған жігітіне тұрмысқа шығады. Сапарқұл соғыс кезінде моджахеттер жағында соғысады. Жылдар өтеді. Базарбайдыӊ отбасы Қазақстанға көшуге рұқсат беретін квота алады. Барлығы жолға жиналады. Тек Базарбайдыӊ қызы ғана туыстарымен бірге көше алмайды.

Таулы қышлақтан шыққан отбасыны ұзақ жол күтеді. Ақыры Қазақстан Республикасы шекарасына жетеді. Қарттыӊ арманы орындалып, туған елімен қайта қауышады. Ол жерді сүйіп, көзіне жас алып, атамекеніне оралғанына қуанады.

Миграциялық полиция отбасыға Байқоӊыр ғарыш айлағына жақын орналасқан Төретам ауылына жолдама береді. Олар осында үй салып, жаӊа өмір бастап, үлкен отбасы болғысы келеді. Алайда көп ұзамай Базарбай қарт дүниеден өтеді. Сапарқұл қирап қалған әскери радар ғимаратын қайта жөндеп, орнына мешіт тұрғызады.

"Оралман" фильмініӊ сценарийін кинодраматург Нұрлан Санжар Сәбит Құрманбековтіӊ қатысуымен жазған. Композиторы - Айдос Сағат. Фильмніӊ түсірілім жұмыстарына киностудияныӊ бұрынғы жобаларына қатысып, табысқа жеткен, жүктелген міндеттерін абыроймен орындап шыққан киногерлер - режиссерлер, операторлар, сазгерлер мен суретшілер жұмылдырылған.

Фильмге Дулыға Ақмолда, Есім Сегізбаев, Ержан Түсіпов, Шынар Асқарова, Баян Қажнабиева сынды қазақстандық танымал актерлер түскен.

Өндіруші: Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ, "Қадам" ЖШС (кинокомпания) қатысуымен

Жанры: әлеуметтік драма

Режиссері: Сәбит Құрманбеков

Сценарий авторы: Нұрлан Санжар, Сәбит Құрманбековтіӊ қатысуымен

Қоюшы операторы: Марс Умаров

Қоюшы суретшісі: Рустам Одинаев

Композиторы: Айдос Сағат

Костюм жөніндегі суретші: Илия Имашева

Редакторы: Дәрежан Өмірбаев

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны