08.02.2018, 16:30 6261

Алматыда Орбитадан Көк базарға дейін баратын велосипед жолы салынған

Өткен жылы біз "Орбита" шағын ауданынан басталып Көк базарға дейін баратын үлкен велокоридор жасадық. Сонымен қатар, Алматыда 1730 велосипедке арналған 200 велостанция орнатылды. Веложолдардыӊ жалпы ұзындығы 68 шақырымды құрайды. Осылайша, қалада велосипедпен жүріп-тұруға арналған толыққанды инфрақұрылым жасақталады,-деді ол өз сөзінде.

Алматы.8 ақпан. Kazakhstan Today - Орбитадан Көк базарға дейін баратын велосипед жолы салынған.

Мұндай ақпаратты Алматы қаласы Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингтеАлматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасыныӊ басшысы - Мақсұт Исахов айтты.

Оныӊ мәліметінше, қала бойынша 13 көшеде ұзындығы 21 шақырым болатын велосипед жолдары іске қосылды.Бұрын қалада веложолдар өте аз болатын және олар бөлек-бөлек еді, яғни бір-бірімен байланыспаған еді. Өткен жылы біз "Орбита" шағын ауданынан басталып Көк базарға дейін баратын үлкен велокоридор жасадық. Сонымен қатар, Алматыда 1730 велосипедке арналған 200 велостанция орнатылды. Веложолдардыӊ жалпы ұзындығы 68 шақырымды құрайды. Осылайша, қалада велосипедпен жүріп-тұруға арналған толыққанды инфрақұрылым жасақталады,-деді ол өз сөзінде.

Одан бөлек басқарма басшысы, Алматы қаласыныӊ маршрут желісі 109 бағыттан тұрады (оныӊ ішінде 101-і автобус, 8-і троллейбус бағыты), онда метроны қосқанда 16 тасымалдаушы қызмет атқарады. Бүгінгі күні тасымалдау жиілігі автобус бағыттары бойынша 80 %-ды, троллейбус бағыттары бойынша 100 %-ды құрайды,-деп атап өтті.

Көліктік инфрақұрылымды дамыту аясында әртүрлі сыйымдылықтағы 479 автобус, соныӊ ішінде "Алматыэлектротранс" ЖШС коммуналдық кәсіпорнына 388 бірлік және жеке тасымалдаушылармен 111 бірлік жылжымалы құрам сатып алынған.

М.Исаховтыӊ сөзінше, 2017 жылдыӊ қорытындысы бойынша Алматы қаласы қоғамдық көліктерінде 220 млн. адам тасымалданды. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 20,6 %-ға артық. Транзакциялардан түскен кіріс 13 млрд. теӊгені құрады. Транзакциялар мен кірістердіӊ өсімі қоғамдық көлікте дифференциалданған тарифті енгізумен тікелей байланысты, бұл өз кезегінде жолаушылардыӊ электрондық төлем түрін пайдалануына түрткі болды. Осылайша, тасымалдаушылардыӊ түсімініӊ 23,5 %-ға жуығы көлеӊкелі айналымнан шығарылды.

Тағы бір айта кететін нәрсе, жергілікті бюджет есебінен 500 аялдама павильондары, сондай-ақ инвесторлардыӊ есебінен 207 аялдама павильондары орнатылды. Соныӊ ішінде 2017 жылдыӊ қорытындысы бойынша 177 павильон орнатылды,-деді басқарма басшысы брифинг барысында.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны