11.08.2006, 16:38 3210

Алматыда орыс қоғамдық бірлестіктерінің бас қосуында отандастарын көшіріп алу жөніндегі Ресейдің бағдарламасы талқылануда

АЛМАТЫ. 11-тамыз. Kazakhstan Today. Алматыда бүгін Қазақстандағы орыстар қауымы, "Лад" славяндық қозғалысы, Жетісу казактарының одағы, дала казактарының одағы тәрізді орыс қоғамдық бірлестіктерінің бірлескен бас қосуында отандастарын көшіріп алу жөніндегі Ресейдің бағдарламасы талқылануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бүгін біздің үлкен мереке деуге болады. Қазақстандағы орыс қоғамдық бірлестіктерінің бірінші бірлескен бас қосуына осындағы барлық қоғамдық ұйымдардың өкілдері жиналды және олардың арасында қазіргі жағдаймен қандайбір қайшылық жоқ",- деді конференцияны ашқан Қазақстандағы орыстар қауымының басшысы Юрий Бунаков.

Отандастарын көшіріп алу жөніндегі Ресейдің бағдарламасына түсініктеме берген Ю.Бунаковтың айтуынша, "Ресей жан-жаққа тарыдай шашырап, бір-бірінен бөлініп қалған орыс халқының алдындағы өз жауапкершілігін түсініп, орыс ұлты өкілдерін отанына қайтаруға тырысуда". Қазақстандағы орыстар қауымының басшысының пікірінше, "егер бағдарламада қоныс аударушыларды баспанамен, жұмыспен қамту қарастырылып, әлеуметтік кепілдіктер берілсе, онда оны тиімді деуге болады".

Орыс қоғамдық бірлестіктерінің бірлескен бас қосуында отандастарын көшіріп алу жөніндегі Ресейдің бағдарламасымен бірге орыс тілінің мәртебесі, мемлекеттік тілді дамыту, іс қағаздарын қазақ тіліне аудару, сондай-ақ, Қазақстанның орыс тілді азаматтарының билік органдарының іс-қызметіне атсалысуы, демографиялық ахуал, көші-қон және басқа да өзекті мәселелер талқылануда.

Талқылап мақұлданғаннан кейін басты проблемалар ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолданатын ашық хатта айтылатын болады. Конференцияның қорытындысы бойынша тиісті резолюция қабылданады.

Бас қосуға Қазақстанның әр өңірінен келген 110 адам қатысуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны