13.08.2018, 17:40 6007

Алматыда орыстыӊ ұлы жазушысы Лев Толстойдыӊ 190 жылдығы құрметіне арналған бірегей басылымныӊ тұсаукесер рәсімі өткізілді

"Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық кітапханасында 2018 жылдыӊ 10 тамызында орыстыӊ ұлы жазушысы Лев Толстойдыӊ 190 жылдығы құрметіне арналған бірегей әдеби басылымныӊ тұсаукесер рәсімі өткізілді. Осы оқиғаға орай әлемдік әдебиеттіӊ классикалық туындыларыныӊ көрмесі әзірленді", - дейді іс-шараны ұйымдастырушылар.

Алматы. 12 тамыз. Kazakhstan Today - Алматыда орыстыӊ ұлы жазушысы Лев Толстойдыӊ 190 жылдығы құрметіне арналған бірегей басылымныӊ тұсаукесер рәсімі өткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық кітапханасында 2018 жылдыӊ 10 тамызында орыстыӊ ұлы жазушысы Лев Толстойдыӊ 190 жылдығы құрметіне арналған бірегей әдеби басылымныӊ тұсаукесер рәсімі өткізілді. Осы оқиғаға орай әлемдік әдебиеттіӊ классикалық туындыларыныӊ көрмесі әзірленді", - дейді іс-шараны ұйымдастырушылар.

Белгілі болғанындай, экономика ғылымдарыныӊ докторы, профессор, академик Ибен Нұрмановтыӊ орыстыӊ ұлы жазушысы Л.Н.Толстойдыӊ 190 жылдығы құрметіне арналған "Адамзаттыӊ мақтанышы - Идеал человечества" атты 4 томдық роман-эпопеясы, Лев Толстойдыӊ өмір жолы, философиялық көзқарасы, әдеби және қоғамдық іс-қызметі туралы әӊгімелейді және ол орыс және қазақ тілдерінде 2018 жылғы жазда басылып шықты.

Басылымныӊ тұсаукесері алдында өмірде алғашқы қадамдарын жасай бастаған сәбидіӊ тұсауын кесуге ұқсас нышандық тұсаукесер рәсімі жасалды. "Жарыққа жаӊа ғана шығып оқырмандарға қарай алғашқы қадамдарын жасай бастаған кітаптардыӊ тұсауын кесу - Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық кітапханасында өткізілетін кітаптардыӊ барлық тұсаукесер рәсімдері бойынша қалыптасқан дәстүр",- дейді ұйымдастырушылар.

Жиналғандарға қаратып айтқан сөзінде Ибен Нұрманов кітаптыӊ екі тілде: автордыӊ туған елініӊ тілі - қазақ тілінде және Толстойдыӊтілі - орыс тілінде жарық көруініӊ маӊызына тоқталып өтті.

Идеби қоғамдастық өкілдері, журналистер мен ғалымдар ұлы орыс классигініӊ шығармашылығына діл қазір назар аударудыӊ маӊыздылығын атап көрсетті. Олар Қазақстан жастары үшін орыс классикалық әдебиетініӊ құндылықтарына оныӊ ғұлама өкілініӊ шығармашылығы арқылы үӊілудіӊ аса қажеттігін баса атап көрсетті.

РФ бас консулдығыныӊ консулы Ирина Переверзева атап өткендей, кітапта Лев Толстойдыӊ көзқарасы мен дәстүрлі исламныӊ адамзаттық құндылықтарды жоғары қоятын көзқарастарыныӊ өзара қабысу тұсына көп орын бөлінген. Ол сондай-ақ, автордыӊ Ресей мен Қазақстанныӊ халықтары мен мәдениеті арасындағы өзара түсіністікті дамытуға қосқан өлшеусіз жеке үлесін де атап өтті.

Академик Ибен Нұрманов Қазақстанда қоғам қайраткері, ғалым, қазақ және әлемдік тарихтағы ұлы тұлғалардыӊ өмір жолдарын талмай ізденуші ретінде танымал. "Тарихтыӊ тереӊіне үӊілу және пайдаланылған қайнар көздердіӊ түрлері бойынша Шоқан Уәлихановтыӊ өмірі мен шығармашылығын зерделеу бойынша оныӊ он томдық зерттеулеріне теӊдесер туындыны табу қиын", дейді жоба авторлары.

Ибен Нұрманов "Бейбітшілік әлемі" Халықаралық Қазақ шығармашылық бірлестігініӊ президенті, "Халықаралық Адам құқығын қорғау комитетініӊ" Қазақстан Республикасындағы өкілдігініӊ президенті, генерал-майор, Қазақстан Жазушылары Одағыныӊ және Евразия Жазушылары Одағыныӊ мүшесі, ҚР білім беру ісініӊ Құрметті қызметкері.

Ибен Нұрмановтыӊ "Балдәурен өмірдіӊ шырыны" түс жайлы 4 кітабы (1997 ж.), "Түс негіздерініӊ қалыптасуы" (1999 ж.), "Таӊғы шық" поэзия жинағы (2000 ж.), "Ғұмырнама" философиялық поэзия жинағы (2001 ж.), "Сен өз бақытыӊды таптама" психологиялық кітап (2002 ж.), "Өрік ағаш пен әйел" повесі (2010 ж.), "Оһо, дүние-ай" романы (2011 ж.), "Восхождение..." актуалды ойлар жинағы (2014 ж.), "Түс - ғажайып тағлым" -түс жору жайлы кітабы (2015 ж.), "ҒИБРАТ" философиялық ойлардыӊ 100 томдық кітабы және т.б жарыққа шыққан.

"Адамзаттыӊ мақтанышы - Идеал человечества" атты кітабында - ұлы орыс жазушысы Лев Николаевич Толстойдыӊ өмірі жайлы, оныӊ адалдық пен әділдік үшін күресі және сол кезеӊдегі қоғамныӊ тынысы жайлы жазылған. Ресей патшасы Николай II-ге, премьер-министр Столыпинге шаруалар мен кедейлер құқығын қорғау жайлы жазған хаттары және олардыӊ ел өміріндегі тарихи маӊызы туралы баяндалған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны