28.06.2016, 10:54 3489

Алматыда Орталық Азия елдерініӊ сарапшылары туберкулезді трансшекаралық бақылау, алдын алу және емдеу мәселелерін талқылады

Естеріӊізге сала кетейік, жұмыс топтарыныӊ аймақтық отырыстарын Қазақстан Республикасыныӊ 2014-2020 жылдарға арналған туберкулезді бақылау бойынша кешендік жоспарыныӊ аясында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі және Project HOPE үкіметтік емес ұйымы өткізіп келеді. Бірінші отырыс 2016 жылғы сәуірде өтті.

Алматы. 28 маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда еларалық жұмыс топтарыныӊ "Көші-қон және туберкулез: Орталық Азия елдерінде туберкулезді трансшекаралық бақылау" атты екінші аймақтық кездесуі өтті. Шара барысында сарапшылар еларалық жұмыс топтарыныӊ ұсыныстарын ескере отырып, Орталық Азия өӊірінде туберкулезді трансшекаралық бақылау, алдын алу және емдеу жөніндегі ынтымақтастық туралы Еларалық шектелмелі келісімініӊ жаӊартылған жобасын талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шараға денсаулық сақтау және көші-қон мәселелерімен шұғылданатын Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан министрліктері мен ведомстволарыныӊ, сонымен бірге, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ (әрі қарай - ДДСҰ), Көші-қон халықаралық ұйымыныӊ, Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай Қоғамдары Федерациясыныӊ, ұлттық туберкулезге қарсы орталықтарыныӊ және ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Отырыста Еларалық келісімді әзірлеу бойынша Жол картасын іске асыру шеӊберінде 2016 жылғы бірінші жартыжылдықта қарастырылған іс-шараларды орындау жөнінде ақпарат ұсынылды. Туберкулезді трансшекаралық бақылау және емдеу жобасына азаматтық қоғамныӊ және ҮЕҰ өкілдерін тарту, елдер арасында туберкулезге шалдыққан аурулар, мигранттарды диагностикалау және емдеу туралы ақпаратпен алмасу мәселері талқыланды.

Естеріӊізге сала кетейік, жұмыс топтарыныӊ аймақтық отырыстарын Қазақстан Республикасыныӊ 2014-2020 жылдарға арналған туберкулезді бақылау бойынша кешендік жоспарыныӊ аясында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі және Project HOPE үкіметтік емес ұйымы өткізіп келеді. Бірінші отырыс 2016 жылғы сәуірде өтті.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны