25.07.2007, 15:05 2820

Алматыда Орталық Азияда кеден саласындағы тиімді басқару әдістеріне арналған аймақтық конференция басталды

АЛМАТЫ. 25 шілде. Kazakhstan Today. Алматыда Орталық Азияда кеден саласындағы тиімді басқару әдістеріне арналған аймақтық конференция басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазақстан өзінің тиімді географиялық орналасуына қарай өзіне тиесілі транзиттік әлеуетке ие, оны Орталық Азия елдері арасында және Еуропа елдері арасындағы көлік дәлізі ретінде пайдалануға болады", - деді бас қосудың ашылуында ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығының жетекшісі Ивар Викки. Оның түсініктемесіне сәйкес, "конференцияның басты мақсаты кедендік процедураларды жақсартуға, ашықтыққа қол жеткізуге, тиісінше шекаралық сауда-саттық пен транспортты дамытуға жәрдемдесу".

"Біздің жұмысымыздың нәтижесінде Орталық Азияда сауда-саттық пен тасымалдар аясын кеңейтуге, өңір елдерінің кедендік органдары мен шекаралық бақылау комитеттерінің ынтымақтастығын жетілдіруге бағытталған тәжірибелік нұсқаулар дайындалады деп сенеміз", - деді ЕҚЫҰ орталығының басшысы. Оның айтуынша, жасалған нұсқаулар ЕҚЫҰ-ның транзиттік тасымал бойынша Трансазиялық және Еуро-Азиялық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі конференциясында таныстырылады, бұл бас қосу осы жылдың қазан айында Душанбеде өтеді.

Өз кезегінде ҚР Қаржы министрлігі кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Софья Айсағалиева : "Қазақстан кедендік процедураларды жетілдіру тұрғысынан аймақтық көшбасшы болып табылады және кейбір көрсеткіштер бойынша Ресейді басып озды, бірақ біз одан әрі ілгерілей түспекпіз".

Сонымен бірге, оның хабарлауынша, ЕурАзЭҚ сарапшылар тобы біртұтас кедендік кеңістік құруға қажетті құжаттардың топтамасын негізінен дайындап бітірді. "Ең басты құжат - біртұтас кедендік кеңістік жөніндегі келісім - қазан айында ортаға салынады", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны