06.04.2007, 18:09 4053

Алматыда Орталық Азияда теміржол транспортымен жүк тасымалдау проблемалары талқыланды

АЛМАТЫ. 6 - сәуір. Kazakhstan Today. Орталық Азияда теміржол транспортымен жүк тасымалдау проблемаларын зерттеу қорытындысы бойынша Алматыда Қазақстанның кәсіпкерлер форумы ұйымдастырған "дөңгелек үстел" өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Дөңгелек үстел" жұмысына Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігінің жол қатынастары комитетінің, ЕурАзЭҚ нарық инфрақұрылымы мен көлік саясаты департаментінің, Қазақстан Республикасының ұлттық экпедиторлар қауымдастығының, Қырғызстанның бизнес-қауымдастық конгрессінің және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.

Бірақ іс-шараға "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ мен "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясының" еншілес ұйымы болып табылатын ұлттық темір жол көлігімен жүк тасымалдаушы "Қазтеміртранс" АҚ өкілдері қатысқан жоқ.

Қазақстанның кәсіпкерлер форумының Алматы кеңсесінің директоры Мунавара Палташеваның айтуынша, ҚТЖ -ына "дөңгелек үстелге" қатысуға шақыру жіберілген. "Біздің бірінші отырысымызға біз көлік және коммуникация министрлігін де, ҚТЖ-ын да шақырдық; оған министрліктен өзі өкілі ретінде ҚТЖ өкілін жіберген. Яғни ҚТЖ мемлекеттік мекемкенің өкілі ретінде қатысты",- деп таңданды М. Палташева. "Осы жолы біз сол ұйымды да, министрлікті де шақырдық, көлік коммуникация министрлігі өз өкілін жіберген. Ал ҚТЖ осы уақытқа дейін "дөңгелек үстелге" кімді жіберуді ойлануда. Бұл жерде ҚТЖ мемлекеттік пе, жоқ па деген тұрғыда жиі жаңылыс туындайды. Оның себебін мен түсінбеймін",- деп қосты М. Палташева.

Қазақстанның кәсіпкерлер форумның ақпараттарына сүйенсек, кәсіпкерлердің өтінішімен және ЕурАзЭҚ қызығушылығымен темір жол транспортымен жүк тасымалдау проблемаларына мониторинг жүргізілген. Зерттеу Илемдік банктің қолдауымен 2007 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан мен Қырғызстанда өткізілген. Зерттеу нысандары жүктердің темір жол тасымалымен айналысатын экспедитор компаниялар болды.

Қазақстанның кәсіпкерлер форумның мәліметтері бойынша, екі елдегі жүктерді темір жол транспортымен тасымалдауға қатысты ең өткір проблемалары : бюрократия, сөзбұйда мен сарсаңға салушылық, сыбайлас жемқорлық; қызмет сапасының төмендігіне қарамастан, бағаның қымбаттығы; жүктердің бүлінуі, жоғалуы мен ұрлануы; жылжымалы құрамның жетіспеушілігі болып табылады. Зерттеу нәтижесінің материалдары мемлекеттік органдарға жіберіледі, деп хабарлады Қазақстанның кәсіпкерлер форумындағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны