15.07.2013, 12:06 4295

Алматыда осы аптада ауа райы жауын-шашынды болады

Алматыда осы аптада ауа райы жауын-шашынды болады, күн күркіреп, аздап жаңбыр жауады, деп хабарлады Қазгидромет РМК.

Алматы. 15-шілде. Kazakhstan Today - Алматыда осы аптада ауа райы жауын-шашынды болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматыда осы аптада ауа райы жауын-шашынды болады, күн күркіреп, аздап жаңбыр жауады, деп хабарлады Қазгидромет РМК.

Синоптиктердің болжамы бойынша, бүгін, 15 шілде күні ауа райы ауыспалы бұлтты болады, түнде аздап жаңбыр жауады, күн күркірейді. Ауа температурасы күндіз 30 градус жылы болады, түнде ауа температурасы +20-ға жетеді.

Сейсенбі күні жаңбыр жауып, күн күркірейді. Күндіз ауа температурасы +32, түнде 20 градус нөлден жоғары болады. Сондай-ақ, 17 шілде күні жаңбыр жауады, күн күркіреп, ауа райы ауыспалы бұлтты болады. Түнде +20, күндіз +32.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны