11.11.2015, 11:13 3915

Алматыда отандық "Инновация апталығы" басталды

Алматыда отандық "Инновация апталығы" басталды. Ол Startup Day аясында: "Болашақтыӊ энергиясы - Road to EXPO" деген тақырыпта өтуде. Шара ҚР Инвестициялар мен даму министрілігі мен қала әкімдігініӊ қолдауымен жүріп жатыр

Алматы. 11 қараша. Kazakhstan Today - Алматыда отандық "Инновация апталығы" басталды. Ол Startup Day аясында: "Болашақтыӊ энергиясы - Road to EXPO" деген тақырыпта өтуде. Шара ҚР Инвестициялар мен даму министрілігі мен қала әкімдігініӊ қолдауымен жүріп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бүкіл Қазақстан бойынша өтінім берген 200 команда - үміткерлер арасынан тек 90-ы өтті, олар "Жаӊа энергетика", "Энергиялық тиімділік", "Энергия жинақтау"жобаларын ұсынғандар.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек бұл шараныӊ маӊыздылығын және Қазакқстанныӊ басты мақсаты әлемніӊ дамыған 30 елініӊ қатарына ену екендігін, 2050 жылы экономикада сапа өзгеше сипат алатынын айтты.

"Мемлекет басшысыныӊ бес институционалды реформасы жаӊа адами капиталды, алға жылжудыӊ жаӊа институттарын өмірге әкеледі. Осы ретте Алматыныӊ әлеуеті өте зор, бұл - біздіӊ тәуелсіздігіміз қалыптасқан, кәсіпкерлер шоғырланған, жаӊа шығармашылық қауым мен жастар қаласы", - деді әкім.

ҚР Инвестиция мен даму министрі Исет Исекешев отандық инновациялық кластерді қалыптастыруда Алматыныӊ маӊызды рөл атқаратындығын ерекше айтты.

"Инновация апталығыныӊ Алматыда бастау алуы тегін емес. Еліміздегі стартапердіӊ 90%-ы осы қалада жұмыс істейді, мұнда барлық жағдайлар жасалған", - деді министрлік басшысы.

Алматы қаласы әкімініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны