30.10.2018, 18:31 13567

Алматыда өтетін кинофестивальде отандық киноөндіріс пен түркітілдес мемлекеттердіӊ киноларына баса назар аударылмақшы

ХКФ конкурстық бағдарламасы үш жеке бөлімнен тұрады. Оларға Шәкен Аймановтыӊ картиналарыныӊ атаулары берілген. Мысалы "Тоғысу" бөлімінде көрермен дүниежүзіне танымал толықметражды картиналарды көріп, тамашалай алады. "Атамекен"-бұл түркі халықтары фильмдерініӊ байқауы

Алматы. 30 қазан. Kazakhstan Today - Алматыда өтетін 14-ші Халықаралық Шәкен Айманов Кинофестивалінде отандық киноөндіріс саласыныӊ үлгілеріне дайындалған арнайы бағдарлама бар. Сонымен қатар түркітілдес мемлекеттердіӊ киноларына да баса назар аударылмақшы, деп хабарлайды KazakhstanToday.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ баспасөз қызметініӊ хабарлауынша, кинофестивальде отандық киноөндіріс саласыныӊ үлгілеріне дайындалған арнайы бағдарлама бар, сонымен қатар түркітілдес мемлекеттердіӊ киноларына да баса назар аударылмақшы.

Еске сала кетейік, Алматы қаласында 2018 жылдыӊ 17-21 қараша аралығында 14-ші Халықаралық Шәкен Айманов Кинофестивалі өтеді. Өзіндік тарихы бар бұл шара бүгінде елдіӊ мәдени өміріндегі елеулі оқиғаға айналғалы отыр. Оӊтүстік астанада бұл жолы бас қосатын меймандар дүниежүзініӊ түпкір-түпкірінен келмек.

ХКФ конкурстық бағдарламасы үш жеке бөлімнен тұрады. Оларға Шәкен Аймановтыӊ картиналарыныӊ атаулары берілген. Мысалы "Тоғысу" бөлімінде көрермен дүниежүзіне танымал толықметражды картиналарды көріп, тамашалай алады. "Атамекен"-бұл түркі халықтары фильмдерініӊ байқауы, ал "Біз осында тұрамыз" бөлімінде қазақстандық киноленталар қаралып, үздік туындыларға ҚР кинематографистер Одағыныӊ "Құлагер" ұлттық премиясы беріледі.

Көрермендергеарналған конкурстан тыс бағдарламаныӊ да ауқымы кеӊ. Онда дүниежүзіне танымал классикалық киноленталардан бастап ірі халықаралық кинофестивальдардыӊ жүлдегерлеріне дейін кездеседі. Сонымен қатар қазақстандық және шетелдік киномайталмандардыӊ қатысуымен олардыӊ ретроспективасы көрсетілмекші.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны