15.01.2009, 19:02 3747

Алматыда өтіп жатқан V Халықаралық Жәутіков олимпиадасына 16 елден 42 құрама қатысуда

Алматыда өтіп жатқан V Халықаралық Жәутіков олимпиадасына 16 елден 42 құрама қатысуда

Алматы. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда өтіп жатқан V Халықаралық Жәутіков олимпиадасына 16 елден 42 құрама қатысуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Алматыда физика, математика және информатикадан мерейтойлық V халықаралық Жәутіков олимпиадасы өткізілуде.

Олимпиаданы "Дарын" Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы мен О.Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған физика-математика орта мектеп-интернаты (РМФМОМИ) ҚР БҒМ басқаруымен, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі РМФМОМИ баспасөз қызметінің маманы Майя Есмағамбетоваға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, V олимпиаданың ресми салтанатты ашылуы 15 қаңтарда сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Күләш Шәмшидинованың қатысуымен өтті.

Олимпиаданың мақсаты: оқушылар арасында физика-математика ғылымын насихаттау, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, әр елдің мамандандырылған мектептері арасында достық қарым-қатынас орнату, олимпиаданы өткізу және ұйымдастыру тәжірибесімен алмасу, Қазақстанның мәдениеті мен білімінің деңгейін көрсету, бұған олимпиаданың "Физика-математика білімі арқылы ұлы достыққа жету" деген ұраны дәлел бола алады, деді М.Есмағамбетова.

2005 жылдан бастау алған физика мен математика (ал 2009 жылдан бастап информатика) олимпиадасы - әлемде теңдесі жоқ халықаралық жоба, деген пікірде РМФМОМИ директоры Қайрош Макишев.

Олимпиадаға 16 елдің 42 командасы қатысуда: Изербайжан (2 команда), Армения (1), Беларусь (3), Болгария (2), Грузия (1), Индонезия (1), Қырғызстан (3), Монголия (2), Нигерия (2), Ресей (7, соның ішінде Адыгея, Башқұртстан, Саха Республикаларынан 1 құрамадан), Румыния (1), Тәжікстан (3), Түркия (1), Өзбекстан (1), Украина (1).

Қазақстан атынан олимпиадаға Астана, Ақтөбе, Павлодар, Талдықорған, Тараз бен Алматыдан 11 құрама, сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының біріккен құрамасы қатысады.

Халықаралық әділқазылар алқасы құрамында 8 елдің ғалымдары жұмыс істейді. Иділқазылар алқасының төрағасы - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі Б.Т. Жұмағұлов. Олимпиада 19 қаңтарда аяқталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны