28.10.2018, 14:20 5629

Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "Қазақстан туризм қауымдастығы" мәлімдеме жария етті

ҚР президенті Н. Назарбаевтыӊ тапсырмасы бойынша Ішкі және көшпелі туризмді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама және жаӊа заӊ жобасы дайындалу үстінде. Алакөл, Бурабай, Каспий және Түркістан сынды басты туризм орындарын дамыту жоспарланған.

Алматы. 28 қазан. Kazakhstan Today - Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "Қазақстан туризм қауымдастығы" мәлімдеме жария етті. Онда былай делінген:

"Қазақстан туризм қауымдастығы" туризмді дамытуға арналған соӊғы бастамаларды зор алғыспен әрі үлкен қуаншыпен қабылдап отыр.

ҚР президенті Н. Назарбаевтыӊ тапсырмасы бойынша Ішкі және көшпелі туризмді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама және жаӊа заӊ жобасы дайындалу үстінде. Алакөл, Бурабай, Каспий және Түркістан сынды басты туризм орындарын дамыту жоспарланған.

Мемлекет соӊғы жылдары заманауи автокөлік жолдарын салуға, әуежайлар мен теміржол вокзалдарын жаӊғыртуға айтарлықтай қаржы құйып, көліктік және басқа да қажетті инфрақұрылым салды.

Соӊғы он жылдықта әлемдік туризм зор қарқынмен дамып жатыр. Сала жаһандық экономикалық дағдарысқа қарамастан, экономиканыӊ еӊ жылдам дамып жатқан секторларыныӊ біріне айналып отыр.

Туризм - бұл әлемдік ЖІӨ-ніӊ 10% -ы, әрбір оныншы жұмыс орны туризмде шоғырланған, осы салаға бүкіл әлем бойынша орасан зор қаржы құйылып отырады, әрбір отызыншы турист арқасында жаӊа бір жұмыс орны құрылады. Экономика құрылымы жағынан Қазақстанға ұқсас көптеген елдер туризмді дамыту арқылы зор биіктерге жетіп отыр.

ҚР-дағы туризмді дамыту ісінде үкіметтіӊ дайындап жатқан Мемлекеттік бағдарамасы маӊызды рөл атқара алады.

Мәдениет және спорт министрлігі "Атамекен" ҰКП-мен және Туризм қауымдастығымен бірлесе отырып, аталмыш стратегиялық құжатты дайындап шығару бойынша үлкен жұмыс атқарып, жобаны нарық қатысушыларына таныстырды. Тұӊғыш рет бағдарламаға туризмді қолдауға арналған жүйелі шаралар мен жаӊа құралдар енгізіліп отыр.

Инвестициялық тартымдылықты қамтамасыз ету үшін басымдық берілетін туристік аумақтар режімін құру көзделген. Бұл мемлекет есебінен, жер телімдері түріндегі заттай гранттар ұсыну есебінен, сондай-ақ, корпоративтік табыс салығынан, мүлік және жер салығынан 10 жылға босату түріндегі салықтық артықшылықтар беру арқылы туризм жобаларын қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.

Сарапшылардыӊ пікірінше, мемлекет салық салмау нәтижесінде 25 млрд теӊге мөлшерінде шығын көтеріп, сыртқы инфрақұрылымға 300 млрд теӊге мөлшерінде бюджет қаржысын салған күнніӊ өзінде, ел экономикасы 600 млрд теӊгеге жуық қосымша тікелей инвестицияға қол жеткізіп, 60 мыӊнан аса жаӊа жұмыс орны құрылу есебінен ұтады.

Туризм саласындағы жаӊа жобаларға арнап ұзақ мерзімді несиелерді ұсыну қажетті шара болып табылады.

Мемлекеттік бағдарлама жобасында туризмді дамыту үшін аса маӊызды басқа да бірқатар құралдар қарастырылған.

Шетелдік азаматтардыӊ визасын рәсімдеу кезінде шақыртуды талап етпеу, электрондық визаны ендіру, көші-қон заӊнамасын ізгілендіру арқылы визалық және көші-қон режімдерін ырықтандыру шараларын қабылдау көшпелі туризмді зор серпіліспен дамыту үшін шешуші мәнге ие болуы мүмкін. Қазақстанныӊ туризм мүмкіндіктерін біздіӊ нысаналы нарықтарымызда маркетингтік жағынан ілгерілету үшін қаржыландыру көлемін ұлғайту да аса маӊызды болып табылады.

5-дәрежелі Ашық аспан саясатын таяу уақытта қабылдау, әуекеросин бағасын мемлекеттік реттеу және ұлттық лоукостерді құру әуебилеттер бағасыныӊ төмендеуіне, туристік объектілерге көлікпен жету мүмкіндігініӊ жақсаруына зор ықпал етуі мүмкін.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туризмді қолжетімді ету үшін отандық бизнесті тарта отырып ұлттық саябақтарды басқарудыӊ жаӊа үлгісін, сондай-ақ, Америка, Канада, Австралия және т.б. елдердіӊ үлгісі бойынша еӊ үздік халықаралық тәжірибелерді ендіру қажет.

Елімізде жайлы туризм климатын қалыптастыру үшін шекара және кеден қызметтерініӊ жұмысын өзгертіп, мемлекеттік шекарадан өткізу бекеттерін жаӊғырту қажет.

Мемлекеттік бағдарламаға қолөнершілер, автокеруеншілер, ауылдық және аӊшылық, этнографиялық және экологиялық, медициналық туризм, балалар мен жеткіншектерге арналған туризм сынды туризмныӊ барлық бағыттарын қолдауға арналған шаралар енгізілді.

Туризм 33 сабақтас салаға мультипликативтік әсерін тигізетіндігін ескеретін болсақ, аталмыш шаралар туризм мен экономиканыӊ дамуына зор ықпалын тигізбек.

Қазақстан әлемдік туризм картасындағы саяхаттау үшін еӊ тартымды мекенге айналуға қауқары бар.

Туризм нарығы жоғарыда аталған шаралар басқа мүдделі мемлекеттік органдар тарапынан қолдау таппауы мүмкін деп алаӊдайды, өйткені Қазақстан Туризм қауымдастығыныӊ бастамалары келісу сатысыныӊ өзінде талай мәрте қолдау таппай келеді.

Экономика министрлігі, Қаржы министрлігі, Инвестициялар және даму министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, ІІМ және ҰҚК туризм саласындағы зор әлеуеттіӊ бар екендігін көріп отырған жоқ, туризмді дамыту олар үшін екінші орындағы мәселе болып табылады.

Осы шараларды қабылдау және оларды мемлекеттіӊ дұрыс жүзеге асыруы арқасында туризм саласындағы туристер ағыны ұлғайып, өнім мен қызметтер көлемі артады, салық төлеу базасы кеӊейіп, жаӊа жұмыс орындары құрылады, нәтижесінде елдіӊ өркендеуіне үлес қосылады.

Баспасөз мәжілісінен кейін "Қазақстан Туризм қауымдастығы" ЗТБ және "Ақмола облысы Туризм қауымдастығы" ЗТБ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға "Қазақстан Туризм қауымдастығы" ЗТБ директоры Шәйкенова Рашида Рашидқызы және "Ақмола облысы Туризм қауымдастығы ЗТБ төрағасы Сұлтанов Қайрат Абайдоллаұлы қол қойды.

Сондай-ақ, "Шығыс Қазақстан Туризм қауымдастығы" ЗТБ атынан оныӊ атқарушы директоры Жүнісов Серік Қайратұлы және "Қазақстан туризм қауымдастығы" ЗТБ атынан оныӊ директоры Шәйкенова Рашида Рашидқызы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны