10.04.2018, 20:40 7756

Алматыда өткен Fashion Park Festival іс-шарасында отандық дизайнерлер өзгеше киімдер жинағын таныстырды

Көптен бері әжелердіӊ сандығында сақталып жатқан маталардан тігілген киімдер көрермен назарына ұсынылды. Мерекені ұйымдастырушылар уақытын күтіп ұзақ уақыт бойы сандықта жатқан, тартуға ұсынылған немесе сатып алынған отбасылық қордағы материалардарды жарыққа шығарды

Алматы. 10 сәуір. Kazakhstan Today - Алматыда қазақстандық дизайнерлер Fashion Park Festival атты қайырымдылық іс-шарасында өзгеше киімдер жинағын таныстырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Көптен бері әжелердіӊ сандығында сақталып жатқан маталардан тігілген киімдер көрермен назарына ұсынылды. Мерекені ұйымдастырушылар уақытын күтіп ұзақ уақыт бойы сандықта жатқан, тартуға ұсынылған немесе сатып алынған отбасылық қордағы материалардарды жарыққа шығарды.

"Ирбір қазақ отбасында тарту-таралғылар салынған дорбалардыӊ жинағы бары анық. Идетте оларда шапандар, шыттар мен маталар жатады. Бір-біріне осындай тарту ұсыну көнеден келе жатқан дәстүрлердіӊ бірі. Тапшылық дәуірінде мұндай маталар өзіндік бір сый-сыяпат валютасы іспетті еді. Бұл дәстүр әлі күнге сақталып келеді. Біз сынақ өткізіп, осындай кез маталардан кәсіби білікті маманныӊ қолынан қандай киімдер жасап шығару мүмкіндігін паш етуді ұйғардық", - деді мереке ұйымдастырушысы, кәсіпкер Илия Ибдібайытова.

Осындай сынақ жолымен тігілген киімдерді заманауи деп атауға толық негіз бар. Көнекөз маталардан тігілген киімдерді мереке қонақтары аукцион арқылы сатып алды, фестивальден түскен барлық ақша оған қатысқан қайырымдылық қорларына табысталды.

Фестивальге екі мыӊнан астам адам келді. Балалардыӊ көӊілін аниматорлар көтерсе, ата-аналарға арнап сұлулық, стиль, косметология, салауатты тамақтану бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Фестиваль қонақтарына арнап "Ашық әлем" Қоғамдық қоры мен "Аутизмді жеӊеміз.ДОМ" жобасыныӊ тәрбиеленушілері концерт қойды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны