21.02.2012, 11:15 3118

Алматыда өткен түнде бір айда жауатын норманың жартысына жуық дерлік қар жауды

Алматыда сейсенбіге қараған түні ақпан айына болжанған бір айда жауатын норманың 40%, яғни жауын-шашын мен қар жауған. Бұл туралы Гидрометеорологиялық мониторинг орталығының болжамдар бөлімінің бастығы Светлана Аманқұлова мәлім етті.

Алматы. 21-ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда өткен түнде бір айда жауатын норманың жартысына жуық дерлік қар жауды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Алматыда сейсенбіге қараған түні ақпан айына болжанған бір айда жауатын норманың 40%, яғни жауын-шашын мен қар жауған. Бұл туралы Гидрометеорологиялық мониторинг орталығының болжамдар бөлімінің бастығы Светлана Аманқұлова мәлім етті.

"Алматыда басында жаңбыр жауды, оның арты қарға ұласты, бір түн ішінде 16 мм қар жауған, әуежай аумағында - 10 мм. Тауға 4 - 6 мм қар жауған" деді ол. Оның айтуынша, Алматы қаласы үшін ақпан айына болжанған норма 40 мм жауын-шашынды құрайды.

С.Аманқұлованың айтуынша, Алматы қаласы мен облыста әзірге күн жыли қоймайды.

23-24 ақпан күндері әлі аздап қар жаууы ықтимал, түнде -15 градус аяз болады, күндіз -5-10 градус.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны