28.03.2007, 15:00 3492

Алматыда өткен жылы ВИЧ індеті 21 аяғы ауыр әйелден анықталған

АЛМАТЫ. 28-наурыз. Kazakhstan Today. Алматыда өткен жылы ВИЧ індетін 21 аяғы ауыр әйелден анықталған. Бұл туралы журналистерге Алматы қалалық СПИД орталығының директоры Гүлсара Сүлейменова мәлім етті.

"Өткен жылы тексеруден өткен 50 мың аяғы ауыр әйелдің 21-нен ВИЧ індеті анықталған. ВИЧ індеті анықталған жағдайда біз әйелдерге жүктілікті тоқтатуға кеңес береміз, бірақ әйел қарсы болса, баласын дүниеге әкеледі және де бұл нәресте дүниеге міндетті түрде ауру болып келеді деген сөз емес",- деп түсіндірді Гүлсара Сүлейменова. СПИД орталығы директорының мәліметтеріне сүйенсек, ВИЧ індеті анықталған әйелдердің барлығы не есірткі пайдаланған немесе қазіргі уақытта есірткіге тәуелді.

СПИД орталығының мәліметтеріне сүйенсек, бүгінде есепте ВИЧ індетін жұқтырған 6 әйел қалған, олар емделуде, ал 10 әйел жүктілікті тоқтатқан.

СПИД орталығының директоры хабарлағандай, қазір Алматыда аяғы ауыр әйелдер екі рет ВИЧ індетіне тексеріледі. "ВИЧ індеті 6 айда инкубациялық кезеңнен өтетіндіктен, жүктіліктің 30-32 апталығында ВИЧ індетін қайталап тексеруге шешім қабылданған",- деді ол.

Өткен жылы Алматыда ВИЧ індетін жұқтырған барлығы 591 жағдай анықталған, олардың 152 - бөтен қаладан келгендер. "Қазір орталық есебінде 508 адам тіркелген, 20-дай адам, соның ішінде 1 бала емделу үстінде",- деп хабарлады Г. Сүлейменова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны