09.11.2009, 18:39 3871

Алматыда өткір респираторлық вирусты жұқпа аурулары бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, тұмау ауруы тіркелген жоқ

Алматыда өткір респираторлық вирусты жұқпа аурулары бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, тұмау ауруы тіркелген жоқ

Алматы. 9 қараша. Kazakhstan Today - Қалада өткір респираторлық вирусты жұқпа аурулары бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, тұмау ауруы тіркелген жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today әкімдіктің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, өткір респираторлық вирусты жұқпа аурулары 5,9 пайызға азайған. Алайда, қазан айының соңынан бастап өткір респираторлық вирусты жұқпа 3,5 пайызға апта сайын көбейіп келеді. Аурудың 76%-мен балалар сырқаттанды. Науқастардың апта ішінде ауруханаға жатқандары 10%-12%-ды құрады. Өткір респираторлық вирусты жұқпа аурулары ұйымдастырылған ұжымдарда және медициналық ұйымдарда тіркелмеген.

"Өткен аптада өткір респираторлық вирусты жұқпа бойынша 4163 оқиға тіркелген, оның ішінде 2975 оқиға балалар арасында, ауру көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 236,2 құрайды",- делінген хабарламада.

Икімдіктің хабарлауынша, медициналық ұйымдар індеттің бастапқы кезеңіндегі атқарылатын іс-шаралар негізінде өз жұмыстарын атқаруда, сырқаттарды қабылдайтын бөлек кабинеттер, тұмауға қарсы құралдар қоры, бетперделер, термометрлер, залалсыздандырғыш құралдар бар.

"Тұрғындардың белгілі бір тобын иммунизациялауға жергілікті бюджеттен 82 267 500 теңге қаржы бөлінді, декретивтелген топты егу үшін 68 990 мөлшерде тұмауға қарсы "Инфлювак" "Ваксигрипп" екпелері сатып алынды. Бүгінгі күнге дейін тұмауға қарсы 58 939 тұлға егілді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 26 878 балалар, ақылы-2613 тұлға егілді. Тұмауға қарсы екпемен қала тұрғындарының 4,2 пайызы қамтылды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Тұмауға қарсы егу әркімнің өз еркімен жасалады, қалауынша, рұқсаты бар жеке меншіктегі медициналық орталықтарда да екпені алуға болады. Бұндай орталықтар қаланың барлық аудандарында бар. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы негізінде екпелер 15 қарашаға дейін жүргізіледі.

Тұмауға қарсы егумен қамтылмаған қала тұрғындарының көбісі өткір респираторлық вирусты жұқпа, тұмауға қолданылатын жалпы алдын алу шараларын жадында үнемі сақтаулары тиіс: атап айтсақ, өткір респираторлық вирусты жұқпамен ауырғандармен араласпау, егер басқалармен қарым-қатынаста болса, онда науқас бетперде киюге міндетті; ұжымға барсаңыз, үйіңізде, отбасы арасында бетперде киіңіз; егер ауырсаңыз, онда үйде отырып, медицина қызметкерін шақырыңыз; түшкіргенде және жөтелгенде қолыңызбен, бет орамалмен ауызыңызды жабыңыз; қолыңызды жиі-жиі жуыңыз; имммунды көтеру қажет; С витаминін пайдаланыңыз; өздігіңізден ем жасамаңыз; жаппай өткір респираторлық вирусты жұқпамен, тұмаумен ауру өршіген маусымда көпшілік орындарға баруды азайтыңыз; сырқаттанған балаларды мектеп, бала бақшасы мекемелеріне жібермеуге тырысыңыз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны