01.04.2015, 22:42 4516

Алматыда "Өз ағашыӊды отырғыз" акциясы өтеді

Еліміздіӊ әрбір тұрғыны "Өз ағашыӊды отырғыз" акциясы аясында "Мохнатка" тауына ағаш отырғыза алады, "Іле-Алатау" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағыныӊ бас директоры Мәрлен Айнабековке сілтеме жасап

Астана. 1 сәуір. Kazakhstan Today - Еліміздіӊ әрбір тұрғыны "Өз ағашыӊды отырғыз" акциясы аясында "Мохнатка" тауына ағаш отырғыза алады, "Іле-Алатау" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағыныӊ бас директоры Мәрлен Айнабековке сілтеме жасап, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Биыл "Саябақтар шеруі" акциясы аясында көптеген іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Өткен жылдағыдай, "Өз ағашыӊды отырғыз" акциясы өтеді. Бұл жолы аталмыш акция 10 сәуірде Мохнатка тауында ұйымдастырылмақ. Қазақстанныӊ әр тұрғыны игі шараға қатысып, тау етегіне өз ағашын отырғыза алады. Көшеттер мен қажетті құрал-сайманды біз ұсынамыз", - деді Мәрлен Айнабеков.

Естеріӊізге салып өтсек, бүгін "Саябақтар шеруі" шарасы аясында "Болашақ үшін табиғатты сақтайық" атты тақырыпта баспасөз конференциясы өткен еді. "Саябақтар шеруі" - ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қолдауға бағытталған халықаралық акция, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

2012 жылдыӊ тамызында Мохнатка тауында тұтанған тілсіз жау 21 гектар алқапты жайпап кеткен еді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны