13.01.2018, 21:03 4498

Алматыда Панфилов көшесі бойындағы жаяу жүргінші аймағындағы сауда павильондары қалаға жылына 67 млн. теӊге қосымша кіріс кіргізеді

Алматыда Панфилов көшесіндегі жаяу жүргінші аймағына Ян Гейлдіӊ концепциясы аясында заманауи бөлшек сауда павильондары пайда болады. Ашық аукционныӊ қорытындысы бойынша кәсіпкерлер жалға 5 жаӊа киоскі алды. Көше саудасы Жібек жолы көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін созылып, қоғамдық тамақтандыруға мамандандырылады.

Алматы. 13 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматыда Панфилов көшесіндегі жаяу жүргінші аймағына Ян Гейлдіӊ концепциясы аясында заманауи бөлшек сауда павильондары пайда болады. Ашық аукционныӊ қорытындысы бойынша кәсіпкерлер жалға 5 жаӊа киоскі алды. Көше саудасы Жібек жолы көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін созылып, қоғамдық тамақтандыруға мамандандырылады.

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриялық - инновациялық даму басқармасыныӊ басшысы Мақсат Қиқымов конкурстыӊ барынша ашық және барлығына қолжетімді болғанын атап өтті.

"Біз конкурсты жариялау туралы "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриялық - инновациялық даму басқармасы" МҚБ-ныӊ, "ҰК "Алматы"ИКК" АҚ-ныӊ сайттарында және "Вечерний Алматы" газетінде хабарладық. Одан соӊ кандидаттарды іріктеудіӊ 2 кезеӊі басталды. Алғашқы кәсіби іріктеуге құжаттардыӊ толық пакеті және павильонды экстерьерлі безендіру бойынша дизайнерлік шешімі бар 13 компания өтінім берді. Оныӊ үстіне, конкурстық комиссия өндірістік процесстерін тексеру үшін кәсіпорындарда болды. Екінші кезеӊде бағаны көтеру бойынша аукцион өтті. Аукцион қадамы 10%-ға өсті. Егер павильонныӊ бастапқы бағасы 200 мыӊ теӊге болса, ұсынылған баға 20 мыӊ теӊгеге артты"-, деді ол.

М. Қиқымов айтып өткендей, қойылған павильондар бағасы аукцион барысында 6,5 есе өскен. "Біздіӊ кәсіпкерлер ашық бәсеке барысында ай сайынғы арендалық бағаны өздері белгіледі, жалпы алаӊы 27 кв. метр болатын 1 киоскініӊ бір ай ішіндегі арендалық төлемі орта есеппен 1,3 млн.теӊгені құрайды. Егер бұрындары стационарлық емес сауда "көлеӊкелі түрде" жүрсе, енді бес киоскі жыл сайын қала табысына 67,4 млн. теӊге кіріс кіргізеді. Изірше аренда пролонгацияны одан әрі жалғастыру құқығына негізделген", - деп қорытындылады сөзін спикер.

Аукцион қорытындысы бойынша алғашқы лотты "Bellali" бренді бойынша балмұздақ сатушы ұтып алды, қалған павильондарды "RedDragon","JollyVolly" брендтері бойынша тез тамақтануды қамтамасыз ететін тамақтандыру нүктелері мен "Boulangerie" наубайханасы иеленді.

Айта кетерлігі, барлық 5 павильондар арендалық келісімге қол қойылған күннен бастап бір ай ішінде өнімдерін сатуды бастайды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны