23.04.2008, 17:39 3564

Алматыда Пасха мерекесі күндері Иерусалимнен Қасиетті алау жеткізіледі

Алматыда Пасха мерекесі күндері Иерусалимнен Қасиетті алау жеткізіледі

Алматы. 23 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда Пасха мерекесі күндері арнайы рейспен Иерусалимнен Қасиетті алау жеткізіледі. Бұл туралы бүгін Астана және Алматы қалаларының митрополиті Мефодий мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз сенбі күні Пасханың алдында Иерусалимдегі Христос храмында жағылып, бүкіл дүниежүзіне таралатын қасиетті алауды Иерусалимнен әкелу мүмкіндігін қарастырдық", - деп мәлімдеді Мефодий.

Митрополиттің хабарлауынша, Қазақстаннан қасиетті алауды әкелуге зияратшылар, сондай-ақ, бірнеше шіркеу қызметкерлері барады. Олар от таратуға қатысады.

Алауды дүйсенбі күні таңғы 8.00-де 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтағы кафедралық соборға әкелу жоспарланып отыр. Онда құдайға құлшылық етілгеннен кейін барлық қажет деп тапқан адамдар Қасиетті алаудан шам жаға алады.

Мефодий егер қасиетті алауды жеткізу ойдағыдай өтсе, келер жылдары да осы дәстүр жалғасатынына уәде берді.

Тілшілерге сұхбат бере тұрып, Митрополит барлығын алдағы келе жатқан мерекелерімен құттықтады. "Мен сіздерді Қасиетті Пасха меркесімен шын жүректен құттықтағым келеді. Және рақымшыл Құдайдан бүкіл әлемді бейбітшілікте сақтауын, біздің елімізді, біздің көпұлтты халқымызды, біздің Елбасымызды бейбітшілік пен есен-амандықта сақтауын тілеймін. Бізге ашық аспан астында өмір сүріп, бір-бірімізді құрметтеуді жазсын", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны