01.10.2015, 16:19 4283

Алматыда полиция белгісіз жастар тобы спайс қосылған сағыз таратып жүр деген ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда белгісіз жастар тобы спайс қосылған сағыз таратып жүр деген ақпаратты полиция жоққа шығарды. Қазір қалалық құқық қорғау органдары бұл ақпаратты әлеуметтік желі арқылы таратқан адамдарды іздестіруде.

Алматы. 01 Қазан. Kazakhstan Today - Алматыда белгісіз жастар тобы спайс қосылған сағыз таратып жүр деген ақпаратты полиция жоққа шығарды. Қазір қалалық құқық қорғау органдары бұл ақпаратты әлеуметтік желі арқылы таратқан адамдарды іздестіруде. Бұл туралы қалалық ІІД ресми өкілі, полиция майоры Салтанат Изірбек айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ватсап желісі арқылы таратылған аудио және мәтіндік ақпарат бірден тексерілді. Тексеру барысында бұл хабарламаныӊ шындыққа сәйкеспейтіндігі белгілі болды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Қазіргі таӊда полиция бөлімшелері бұл хабарламаны таратқан азаматтарды іздестіріп жатыр. Бұл адамдар ұсталған жағдайда ҚР ҚК 274-бабы бойынша (қасақана жалған ақпаратты тарату) қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Айта кетейік, полиция тарапынан жұртшылық арасында алаӊдаушылық туғызатын мұндай әрекеттерді болдырмау үшін бар күш жұмсалатын болады", - деді Салтанат Изірбек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны