24.04.2018, 13:48 4205

Алматыда Польша егемендігініӊ жүз жылдық мерейтойына орай "Андерс әскері - Үміт Жолы" атты көрмесі ашылады

Көрме "Депортацияланғандар" экспозициясымен толықтырылған. Поляктар Кеӊес үкіметі тарапынан Қазақстанға депортацияланған халықтардыӊ алғашқысы болды. Ел есінде қалған жаппай депортациялау кезіндегі Қазақстандағы поляктардыӊ фотосуреттері мен әртүрлі тұрмыстық құралдары сол заманда болған тарихи және қайғылы оқиғалар туралы ойлануға мүмкіндік береді.

Алматы. 24 сәуір. KazakhstanToday - 2018 жылдыӊ 26 сәуір күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік орталық музейі Алматы қ. Польша Республикасыныӊ Бас Консулдығыныӊ ұйымдастыруымен болып жатқан Польша күндері аясында, Польша егемендігініӊ жүз жылдық мерейтойына орай "Андерс әскері - Үміт Жолы" атты көрмесініӊ салтанатты ашылу рәсімін өткізеді.

Көрмеге Андерс әскерініӊ құрылуынан бастап, Риббентроп-Молотов пактіне қол қойылғаннан кейінгі кезеӊ мен 1939 ж. қыркүйек айында басталған Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында КСРО шекарасында қалып қойған поляктардыӊ тағдыр жолын баяндайтын құнды жәдігерлер қойылады. Олардыӊ жүз мыӊнан астамы Сібір, Қиыр Шығыс пен Қазақстан лагерьлеріне жер аударылған. Он мыӊнан астамы өлтірілген, әсіресе 1940 ж. Катыньда қаза тапқан.

1941 жылы Германияныӊ КСРО-ға шабуылынан кейін сол жылдыӊ 30 шілдесінде Лондонда Сикорский-Майский келісімшартына қол қойылды.

Келісімшарт негізінде КСРО аймағында Польша әскері құрылуы керек болды. Искерді сол кезде Мәскеудегі НКВД тұтқыны болған Польша генералы Владыслав Андерс басқарған.

Андерстіӊ құрған әскеріне КСРО-ныӊ түпкір-түкпірінен мыӊдаған жер аударылған поляктар - әскерлер мен қарапайым азаматтар келген. Олардыӊ көбісі әскерге барар жолда әлсіреп қайтыс болған. Кейбіреулері әскерге жақын Орталық Азияда қаза тапқан (Қазақстан, Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан) сондай-ақ, Персия (Иран) және Таяу Шығыс (Ирак, Палестина).

Андерс әскерініӊ арқасында поляктар Польша тәуелсіздігі үшін соғысу мүмкіндігіне қол жеткізді. Өкінішке қарай, қаза тапқандар саныныӊ көптігіне қарамастан, олар туған еліне қайтарылмай Екінші Дүниежүзілік соғысынан кейін КСРО қарамағында қалып қойды.

Көрме "Депортацияланғандар" экспозициясымен толықтырылған. Поляктар Кеӊес үкіметі тарапынан Қазақстанға депортацияланған халықтардыӊ алғашқысы болды. Ел есінде қалған жаппай депортациялау кезіндегі Қазақстандағы поляктардыӊ фотосуреттері мен әртүрлі тұрмыстық құралдары сол заманда болған тарихи және қайғылы оқиғалар туралы ойлануға мүмкіндік береді.

Музейге келушілер Алматы қаласы бойынша алғаш рет, Қазақстан бойынша екінші рет ("Алжир" тоталитаризмі және Репрессияға ұшыраған саяси тұлғалардыӊ Мемориалдық-музей кешенінде болған ашылулар) өткізіліп отырған Польшаныӊ Екінші Дүниежүзілік соғыс кезеӊіндегі тарихи деректерімен таныса алады.

Көрме 2018 жылдыӊ 9 мамырына дейін жалғасады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны