19.04.2007, 09:37 1439

Алматыда президенттің қатысуымен ҮІ Еуразиялық МедиаФорум басталды

АЛМАТЫ. 19-сәуір. Kazakhstan Today. Алматыда президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ҮІ Еуразиялық МедиаФорум басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Медиафорумға әлемніәң 50 елінен 600-дей өкіл қатысуда. Олардың арасында Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, АҚШ, Израиль, Турікменстан, Грузия, Германия, Франция, Изербайжан елдерінің саясаткерлері мен жетекші БАҚ-тарының өкілдері қатысуда.

Форумға Азия қоғамының төрағасы Ричарррд Холбрук, Солтүстік Атлантикалық Альянс бас хатшысының қоғамдық дипломатия жөніндегі көмекшісінің орынбасары Стефани Бабет тағы басқа да өкілдер қатысуда.

Үш күнге созылатын форумда Таяу Шығыс проблемалары, Ливандағы әскери қақтығыс; Иран мен Солтүстік Кореядағы ядролық саясат мәселелері; ТМД елдеріндегі "сөз бостандығы" ахуалы; Еуразия аймағы елдеріндегі энергетикалық қауіпсіздік және "құбыр" саясаты; жастар мәдениетінің БАҚ-тарға әсері тәрізді тақырыптар талқыланады.

Форумның бірінші күнгі әңгіме өзегі АҚШ-тың сыртқы саясаты мен Ирактағы соғысқа қатысты проблемалар төңірегінде өрбімек. Отырыстарға қатысушылар түрлі көзқарастар, әдістемелер мен пікір-пайымдардың қазіргі халықаралық қоғамдастық тап болып оытрған түрлі саяси күрделі ахуалдардың дамуы мен оларды шешуге қалай әсер ететіндігі жайлы талқылайды.

Сонымен форумның бірге бірінші жұмыс күні қатысушылар "Ирак: әділеттік пен демократияға күмән келтіру"", "Еуразия: аймақтық қауіпсіздікке қатысты сауаладр мен жауаптар", "Посткеңестік кеңістік: 2007-жылғы терминдер шекарасы мен территориялар", "Солтүстік Атлантикалық Альянс пен Еуроодақ - халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша әріптестік пе әлде бақталастық па" деген тақырыптарды талқылайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны