11.09.2018, 21:42 8178

Алматыда психоневрологиялық интернат тәрбиеленушілері арасында мини футболдан жарыс өтті

"Еӊ басты мақсатымыз - психоневрологиялық интернат тәрбиеленушілерініӊ уақытты көӊілді өткізуі, өзара шүйіркелесуі, денсаулықтарына қатысты тауқыметті ұмытуы, өздерін ауқымды іс-шараныӊ қатысушылары ретінде сезінуі үшін ұйымдастырылып отыр. Өйткені, SENI CUP турнирі - әлемніӊ 20-дан астам елдерінде өткізілетін жарыс болып табылады.

Алматы. 11 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда "Рухани Жаӊғыру" бағдарламасы шеӊберінде Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен "BelVita Казахстан" ЖШС қолдауымен психоневрологиялық интернат тәрбиеленушілері арасында мини футболдан SENI CUP атты халықаралық лига болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мұндай елеулі іс-шара осымен екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Расында да сауықтырудан өткісі келетіндер арасындағы жарыс бұл. Мемлекет басшысыныӊ бағдарламалық мақаласы "Рухани Жаӊғыру" бағдарламасында бизнестіӊ әлеуметтік жауапкершілігі туралы айтылғаны баршаға мәлім. Осы тұрғыда біз BelVita Казахстан,OASIS GROUP секілді бизнес серіктестеріміздіӊ көмегімен және солардыӊ қолдауымен түрлі іс-шаралар өткізіп отырамыз. Немесе Алматы қаласы дердес түрде осындай іс-шара өткізеді. Былтыр спортшылар саны екі есе аз болатын. Ал биыл олардыӊ қатары өсе түсті. Сол себепті біз спорттыӊ бұл түрін дамыта түсетін боламыз, тоқтап қалмаймыз", - деді Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысыныӊ орынбасары Мейіржан Отыншиев.

Сондай-ақ, оныӊ айтуынша, турнирге өз бетімен өмір сүруге арналған үйлерде тұратын балалар қатысуда.

Ұйымдастырушылардыӊ айтуынша, іс-шараныӊ мақсаты психоневрологиялық аурулары бар ақыл-ой кемістігіне ұшыраған психоневрологиялық интернат тәрбиеленушілері арасында мини футболдан спорттық турнир ұйымдастыру болып табылады.

"Еӊ басты мақсатымыз - психоневрологиялық интернат тәрбиеленушілерініӊ уақытты көӊілді өткізуі, өзара шүйіркелесуі, денсаулықтарына қатысты тауқыметті ұмытуы, өздерін ауқымды іс-шараныӊ қатысушылары ретінде сезінуі үшін ұйымдастырылып отыр. Өйткені, SENI CUP турнирі - әлемніӊ 20-дан астам елдерінде өткізілетін жарыс болып табылады. Біз оны осымен екінші рет Қазақстанда өткізіп отырмыз. Олар өздерін бізге керекті екенін сезінуі, біз үшін олардыӊ көӊіл-күйі мен дене саулығы, жалпы өздері біз үшін аса маӊызды екенін сезінуі үшін жасалып отыр", - деді өз кезегінде SENI сауда маркасыныӊ Қазақстандағы өкілі, компания дистрибьюторы болып табылатын OASIS GROUP компаниясыныӊ маркетинг бөлімініӊ басшысы Кристина Боне.


Жарысқа 12 құраманыӊ 18 бен 24 жас аралығындағы 120 қатысушысы атсалысып отыр.

Балалар іс-шара туралы хабардар. Бірінші турнир өткендіктен олар біледі және оған 8 құрама қатысқан болатын. Ал биыл жаӊадан4 құрама қатысып отыр. Олар үшін бұл жаӊа мереке. Ал басқалары бұрын қатысқандықтан, жарыс туралы жақсы біледі және жақсы дайындалды. Исіресе былтыр бірінші орын иеленген құрама жақсы дайындықтан өтті. Ал биыл маусым айында компания оларға Польшаныӊ Торунь қаласына барып халықаралық ойындарға қатысуға мүмкіндік тудырды. Олар 32 құраманыӊ қатарында сайысқа түсіп, өз елдерініӊ намысын жақсы қорғап қайтқан.


Ал биыл жарысқа тек Алматы қаласынан ғана емес, сонымен бірге Алматы облысынан да қатысушылар келіп отыр, дейді ұйымдастырушылар.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны