23.07.2018, 23:20 5947

Алматыда Пусан қаласыныӊ күні өтті

Алматыдағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында жексенбі күні "Пусан қаласыныӊ күні" атты үшінші іс-шараныӊ ашылуы болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Алматы. 23 шілде. Kazakhstan Today - Алматыдағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында жексенбі күні "Пусан қаласыныӊ күні" атты үшінші іс-шараныӊ ашылуы болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Пусан қаласынан 56 адамнан құралған Евразиялық экспедиция "Пусан қаласыныӊ күні" іс-шарасыныӊ ашылуына қатысу үшін 11 шілдеде шыққан.

Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы мен Оӊтүстік Корея арасындағы өзара мәдени түсіністікті одан әрі жақсарта түсу, сондай-ақ, Орталық Азиядағы транспорттық логистиканыӊ стратегиялық маӊызды бөлігі болып табылатын Алматы қаласы мен Оӊтүстік-шығыс Азиямен байланыстырушы қала - Пусан арасындағы ынтымақтастықтыӊ негізін қалау мақсатында Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр.

Қала тұрғындары мен қонақтары сауық-сайран аймақтарын аралап, дәстүрлі корей асхана мәзірімен танысуға, Пусаннан келген студенттермен тікелей байланысып, корей мәдениетімен етене жақын танысуға мүмкіндік алды.

Онда корей асхана мәзірімен танысу аймағы, корей мәдениеті аймағы, балалар аймағы, event аймағы, Пусан қаласы туралы ақпараттық аймағы және басқа да аймақтар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, келушілер "Гильнори" дәстүрлі әндерін орындаушылардыӊ өнерін, барабанмен сүйемелденген билерді, "Сонби" билерін, домбырамен орындаушылардыӊ өнерін, қазақ халық билерін, "Бидангиль" корей халық әндері хорыныӊ өнерін тамашалай алды.


"Меніӊ атым Ақбөпе, еріктілердіӊ қоғамдық лигасыныӊ үйлестірушісімін, бүгінгі іс-шара - біздіӊ жобамыз. Алматы қаласында осындай ауқымды іс-шараны алғаш рет өткізіп отырмыз. Кеше біз Кореядан келген қонақтарды күтіп алдық, олармен сұхбаттастық. Алматы бәріне ерекше ұнады, олар мұндай тамаша қала деп және біздіӊ тарапымыздан мұндай қонақжайлықты күтпеген екен. Кездесуден кейін біз оларды бірден ұлттық тағамдарымызбен таныстырып, дәм таттырдық. Оларға әсіресе қуырдақ ұнады. Біз еріктілер ретінде, әркім өзі үшін қызғылықты дүниені табуы үшін бәрін жоғарғы деӊгейде ұйымдастырдық", - деді іс-шараны ұйымдастырушы еріктілердіӊ бірі.

Пусан Ұлттық Университетініӊ студенті Енджинніӊ Kazakhstan Today тілшісіне хабарлауынша, "Қазақстанды мұндай тамаша ел деп және мұндағы адамдар осыншама қонақжай деп ойламаған. Қазір орыс тілін үйретін жатыр және келешекте осында тұрып жұмыс істегісі келеді".


"Біз адамдарға Пусан туралы әӊгімелеп, отанымыз туралы ақпарат беріп жатырмыз", - деді ол.

Осы жолы Пусаннан басталған Евразиялық экспедиция бұдан әрі сапарды Владивосток (Ресей) - Хуньчунь, Чжаньчунь, Пекин, Үрімші (Қытай) - Қорғас, Алматы, Астана (Қазақстан) - Москва, Санкт-Петербург (Ресей) бағытында жалғастырып, барлығы 11 737 шақырым жолды жүріп өтпекші.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны