12.09.2017, 14:05 4672

Алматыда репродуктивті медицина Институыныӊ жаӊа орталығы ашылды

Алматыда репродуктивті медицина Институыныӊ "ЭКО"жаӊа орталығы ашылды, мұнда бедеулікті медицина саласындағы соӊғы технологиялар бойынша емдейді. Клиника заманауи қондырғылармен жабдықталған, соныӊ арқасында әлемдік стандарттар деӊгейінде жоғары технологиялы медициналық көмек көрсетіледі.

Алматы. 12 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда репродуктивті медицина Институыныӊ "ЭКО"жаӊа орталығы ашылды, мұнда бедеулікті медицина саласындағы соӊғы технологиялар бойынша емдейді. Клиника заманауи қондырғылармен жабдықталған, соныӊ арқасында әлемдік стандарттар деӊгейінде жоғары технологиялы медициналық көмек көрсетіледі.

Репродуктивті медицина Институыныӊ директоры Тамара Жүсіпәлиева өзініӊ сөзінде Қазақстанда сапалы медицинаға деген сұраныстыӊ артқанын, клиника көрсететін медициналық қызметтердіӊ аз шығын жұмсай отырып, шетелдік баламалардан еш төмен еместігін айтты.

"Соӊғы жылдары біздіӊ қызметке деген сұраныс өсуде және медициналық туризм артуда. Алматыға жақын және алыс шетелдерден емделу үшін келетіндер жеткілікті, олардыӊ ішінде Түркиядан, Германия мен Ресейден, Қытай мен АҚШ-тан келетіндер баршылық. Барлық пациенттерге заманауи репродуктивты технологилар ббойынша ата- ана болу бақытын сыйлаудамыз", - деді Орталық директоры Т.Жүсіпәлиева.

Ол өзініӊ сөзінде Қазақстан заӊдарыныӊ бейімділігі, дәрігерлердіӊ жоғары біліктілігі, заманауи технологиялардыӊ жеткілікті болуы арқасында Қазақстанға медициналық туризм бойынша келетіндер легініӊ артқанын айтты. Мысалы, екі жыл ішінде Қытайдан, Германиядан кеелетін пациенттер саны бірден көбейген. Тек АҚШ-тыӊ өзінен ғана Репродуктивті медицина Институына 75 емдлуші келген.

Оныӊ жарқын мысалы 43 жастағы америкалық Вера Смиффтен көруге болады, қазақстандық дәрігерлердіӊ емі барысында ол жүкті болды. Бұған дейін отбасылық жұп үш рет ұрықтандырылғанымен, нәтиже болмаған Бұл процедура Америкада 20 мыӊ доллар тұрады.

"Мен Қазақстанда жүкті болу бақытына ие болдым. Қуанышымда шек жоқ. Қазақстанда, соныӊ ішінде Алматыда медициналық туризмніӊ болашағы зор деп білемін. Америкамен салыстырғанда мұндағы баға айырмашылығы айтарлықтай. Қазақстандағы дәрігерлердіӊ тәжірбиесі мен біліктілігі өте жоғары, ал бұл медициналық туризмді дамытудыӊ басты шарты. Маған Алматы өте ұнайды, мұндағы ас мәзірі өте дәмді. Бір сөзбен айтқанда, маған бұл жер өте жайлы әрі тартымды", - деп пікірін білдірді американдық келіншек Вера Смифф.

Жаӊа клиникада 60 адам жұмыс істейді, гинеколог - дәігер Ләззат Айтқожина медицина мекемесініӊ мақтанышы, ол эмбрионныӊ сырқатын ерте бастан байқап қояды. Айта кетерлігі, Ләззат Айтқожинаныӊ 13 жылдық жұмыс өтілі бар әрі ол "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" республикалық жобасына қатысушы.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жаӊа орталықтыӊ жұмысымен танысу барысында Алматыныӊ 2020 жылға даму Бағдарламасында қалалық денсаулық жүйесін, соныӊ ішінде медициналық туризмді дамытуға ерекше мән берілгенін айтты. "Бүгінгі таӊда Алматы медицина саласында қызмет ететін отандық және шетелдік инвесторларды қызықтыруда. Репродуктивті медицина Институы клиникасыныӊ ашылуы біздіӊ қаламызда медициналық туризмді дамытудыӊ жарқын мысалы болып табылады", - деді ол.

Репродуктивті медицина Институыныӊ директоры Тамара Жүсіпәлиева клиника жылына 3 мыӊға дейінгі отбасын қабылдай алатынын жеткізді.Дегенмен, экстракорпоральді ұрықтану бойынша барлығына бірдей көмек көрсету мүмкін емес. Мысалы, Алматыда 300 отбасы қаржы жоқтығы салдарынан бірнеше жыл кезекте тұр. Баурыжан Байбек дәл сол жерде 300 алматылық отбасыға тегін медициналық көмек көрсету шараларын іздестіруге тапсырма берді және экстракорпоральді ұрықтану бойынша жүкті болған әйелдер үшін босанатын жаӊа үй салатын жер қарастыруды міндеттеді.

Жаӊа клиника әлемдік талаптарды еске отырып салынған.Клиниканыӊ басты ерекшелігі- операциялық блок пен жаӊа өмір басталатын эмбриологиялық зертхана "таза бөлме" қағидасы бойынша жасалған,олар өзгелерден мүлдем оқшауланған, мұнда тұрақты температура мен ылғал ауа өте таза күйінде беріледі.

Нысан қабырғалары өте сапалы металл панелдерден құрылған. Мұндай "таза бөлмелер жүйесі өте сапалы әрі тұрақты клиникалық нәтижеге қол жеткізеді. Ирі емдеудіӊ тиімділігін арттырады.

Клиника жаӊа қондырғылармен жабдықталған. Эмбриология зертханасына Planer (UK) планшетті инкубатор мен құйылып жасалған ESCO MIRI (Singapour) алты инкубатор қойылған, бұлар эмбриондарды жетілдіреді әрі сапасын арттырады. Репродуктивті медицинада құбылыс жасаған, еӊ жаӊа "Time - Lapse ESCO" инкубаторы бірінші күннен эмбрионныӊ даму барысын қадағалуға және ұрықтандыру үшін еӊ сапалы эмбрионды таӊдап алуға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны