29.09.2009, 16:07 3039

Алматыда Республика сарайын қайта жөндеуден өткізу жоспары қарастырылуда

Алматыда Республика сарайын қайта жөндеуден өткізу жоспары қарастырылуда

Алматы. 29 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов республиканың ең ірі концерт залы -Республика сарайын техникалық жағынан қайта жасақтау жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Біздің аға ұрпағымыз өз соңынан республикалық маңызы бар өте әсем нысанды қалдырып кетті, Республика сарайы сәулет пен мәдениеттің аса құнды мұрасы болып табылады. 39 жыл ішінде оны еш аяусыз пайдаландық, міне, енді зәулім сарайды реконструкциялау мәселесі көтеріліп отыр. Біз үлкен мегаполистің мақтаны болып табылатын осындай ғимараттарды аялай білуіміз қажет"- деді Ахметжан Есімов.

Кеңеске қала қызметінің, құрылыс компанияларының басшылары, КазНИСА мен КазГОР-дың сарашылары қатысты.

Нысанды алдын - ала техникалық жағынан қарап шыққан соң, КазНИСА мен КазГОР-дың сарашылары Республика сарайын қайта жөндеу қажет деп тапты. Құрылыс салынған кезден бері қарай барлық инженерлік жүйе ескірген. Сахна мен басқа да бөлмелер бүгінгі күн талабына сай емес.

Кеңес барысында Республика сарайын болашақта қайта жөндеуден өткізу қажеттігі атап көрсетілді. Қала әкімдігі осы мәселеге қатысты мамандарға арнайы тапсырма беріп, үстіміздегі жылдың 1 қарашасына дейін қажетті құжаттарды әзірлеуді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны