22.09.2018, 19:53 7580

Алматыда республикалық "Коре- Ильбо" газетініӊ 95 жылдық мерейтойы атап өтілді

Алматыда Корея түбегінен тысқары жердегі көне басылымдардыӊ бірі - республикалық "Коре- Ильбо" газетініӊ 95 жылдық мерейтойы салтанатты түрде атап өтілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Алматы. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда Корея түбегінен тысқары жердегі көне басылымдардыӊ бірі - республикалық "Коре- Ильбо" газетініӊ 95 жылдық мерейтойы салтанатты түрде атап өтілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бүгін біз "Коре- Ильбо" газетініӊ 95 жылдық мерейтойын, маӊызды оқиғаны бірге атап өтіп отырмыз. Бұл газет біздіӊ ұлттық құндылығымыз. Неге дейсіз ғой? Себебі, оны біздіӊ аға буын өкілдеріміз қиыр шығыстан алып келген. Сондықтан да біз оған үлкен құрметпен қараймыз. Ұдайы көзіміздіӊ қарашығындай сақтап, қолдап дамыта түсуге талпынамыз. Бүгінгі іс-шараны біз еӊ алдымен газеттіӊ аяғынан тұруы мен дамуына үлес қосқан адамдарға арнап өткізіп отырмыз. Еӊ алдымен осы газеттіӊ дамуына атсалысқан және бүгін де сонда еӊбек етіп жүрген адамдарға, журналистерге арналады. Сондықтан да бұл мереке сіздердіӊ құрметіӊізге арналады. Сондай-ақ, осы өткен 95 жыл бойы газетке қолдау білдірушілерге арнағымыз келеді", - деді құттықтау сөз алған Қазақстан корейлері қауымдастығыныӊ президенті Сергей Огай.

Өз кезегінде Қазақстан Халқы ассамблеясыныӊ төрағасыныӊ орынбасары, Қазақстан Халқы ассамблеясы хатшылығыныӊ меӊгерушісі Леонид Прокопенко мерейтоймен құттықтай отырып, газетті еліміздіӊ ақпараттық саясатыныӊ алғышебінде болып, Елбасы ұдайы насихаттайтын бейбітшілік пен келісім идеясын сәтті ілгерілете түсуде тіледі.

"Бүгін бұл тек Қазақстан корейлерініӊ, Қазақстан корейлері қауымдастығыныӊ ғана меркесі емес, көне басылымдардыӊ бірі - республикалық "Коре- Ильбо" газетініӊ 95 жылдық мерейтойы - бүкіл Қазақстанныӊ тойы. Өйткені бұл тек корейлерге ғана арналған газет емес, жалпыға арналған басылым. Ал 2015 жылдан бастап сандық форматқа көшкеннен бері бұл газеттіӊ оқырмандар аудиториясы бірнеше еселеп өсті", - деді Прокопенко.


Республикалық "Коре- Ильбо" газеті - корей және орыс тілдерінде жарық көреді. Газетте Қазақстанда тұратын корей диаспорасыныӊ қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени тцыныс-тіршілігі туралы ғана емес, сонымен бірге Корея түбегі және шетелдергі отандастары туралы да материалдар жарияланады.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны