21.10.2018, 15:12 6999

Алматыда "Рухани келісім" күні атап өтілді

Жиыннан соӊ діни конфессиялар көшбасшылары мен дін қызметкерлері "Рухани келісім күніне" арналған ағаш көшеттерін отырғызды.

Алматы. 21 қазан. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 18 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасыныӊ қолдауымен, "Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігініӊ ұйымдастыруымен "Рухани келісім" күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Жыл сайын 18-қазан күні елімізде Рухани келісім күні атап өтіледі. Бұл атаулы күн 1992 жылдыӊ 18-қазанында Алматыда Елбасы Н.Назарбаевтыӊ төрағалығымен Бірінші Бүкіләлімдік рухани келісім конгресі өткен күннен басталады.

Салтанатты шарада "Нұр Отан" ХДП-ныӊ Алматы қалалық филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары, қалалық мәслихат депутаты Кенжехан Матыжанов; Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ мүшесі Асылы Осман; Алматы қаласы Орталық мешітініӊ бас имамы Еркінбек Шоқай, "Нұр Мүбарак" Египет Ислам мәдениеті университетініӊ проректоры Керім Шәмшәдин; қоғам қайраткері Құсман Шалабаев сөз сөйлеп, Абу-Ханифа медресесі және Алматы бизнес колледжініӊ студенттері қатысты.

Іс-шараны Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасыныӊ басшысы Айдар Есенбеков жүргізді.

Алматы қаласы Орталық мешітініӊ Бас имамы өз сөзінде аталмыш "Рухани келісім" күнініӊ маӊыздылығына кеӊінен тоқталып, асыл дініміздіӊ діндераралық татулық пен толеранттылыққа үндейтінін, өзара түсіністік пен төзімділікке шақыратынын айтып жеткізді.

Іс-шара барысында қаладағы діни ұйымдардыӊ үздік қызметкерлері марапатталды. Атап айтқанда "Қалқаман" мешітініӊ Бас имамы Кенжәлі Қоӊыратбайұлына Алматы қаласы әкімініӊ орынбасары Арман Қырықбаевтыӊ Алғыс хаты табысталды.

Жиыннан соӊ діни конфессиялар көшбасшылары мен дін қызметкерлері "Рухани келісім күніне" арналған ағаш көшеттерін отырғызды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны