16.08.2018, 20:53 4068

Алматыда "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында "Ethnoland" этно-мәдени кешенін салу жоспарлануда

Бұл әкімдіктіӊ "Ethnoland" жобасын заӊ талаптарына сәйкес жүзеге асыра бастауы үшін қажет болды. Алайда, "Қазақфильм" киностудиясы өз ұстанымын өзгертіп, сотқа жүгінді. Олар сотта екі мәрте жеӊіліске ұшырады, ал қазір іс жүзінде соттыӊ шешімі орындалуда", - деді Туризм және сыртқы байланыс басқармасыныӊ басшысы.

Алматы. 16 тамыз. KazakhstanToday - Алматыда "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында "Ethnoland" этно-мәдени кешенін салу жоспарлануда. Бұл туралы Алматы қаласыныӊ Туризм және сыртқы байланыс басқармасыныӊ басшысы Мақсат Қиқымов мәлім етті, деп хабарлайды KazakhstanToday.

"Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасына сәйкес "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында Алматыда "Ethnoland" этно-мәдени кешенін салу жоспарлануда. Бұдан бұрын "Қазақфильм" киностудиясы жалға алу құқығымен пайдаланып отырған 5,5 гектар учаскені осыған ұқсас жобаны жүзеге асыру мақсатында пайдалану туралы бастамамен бірнеше мәрте жүгінген болатын. Бұдан кейін Қазақфильммен бірлесе аталған жер учаскесінде "Ethnoland" этно-мәдени кешенін құру арқылы оны қала тұрғындары мен қала қонақтары үшін қазақ халқыныӊ тарихы мен тұрмысымен танысу үшін қолжетімді алаӊға айналдыру идеясы туындады. Бұл мәселе 2017 жылдыӊ 20 қыркүйегінде мемлекет басшысыныӊ қатысуымен қаралды. Кеӊес қорытындысы бойынша әкімдікке аталған жобаны жүзеге асыру жұмыстарын жүргізу тапсырылды", - деді Мақсат Қиқымов.

Оныӊ айтуынша, "Қазақфильм" киностудиясы қаржылық шығындарға байланысты "Ethnoland" жобасын жүзеге асырумен әкімдіктіӊ өзі айналысуын ұсынды.

"Икімдік "Қазақфильм" киностудиясыныӊ жерін мәжбүрлі түрде тартып алды деген мәлімдеме шындыққа сәйкеспейді. Бұл жер телімі "Қазақфильм" киностудиясыныӊ меншігінде емес, оған жалға берілген. 2017 жылдыӊ желтоқсан айында жер телімін жалға алу шарты бұзылды. Бұл әкімдіктіӊ "Ethnoland" жобасын заӊ талаптарына сәйкес жүзеге асыра бастауы үшін қажет болды. Алайда, "Қазақфильм" киностудиясы өз ұстанымын өзгертіп, сотқа жүгінді. Олар сотта екі мәрте жеӊіліске ұшырады, ал қазір іс жүзінде соттыӊ шешімі орындалуда", - деді Туризм және сыртқы байланыс басқармасыныӊ басшысы.

Оныӊ айтуынша, "Қазақфильм" киностудиясыныӊ басшылығы келешек орынды фильм түсіру мақсатында пайдалануға болатыны туралы бірнеше мәрте айтқан. Біз де әуел бастан киностудияныӊ онда өз іс-шараларын өткізіп, фильмдер түсіре алатынын айтып келдік.

"Бұған қоса, әкімдік "Қазақфильм" киностудиясына әрдайым қолдау көрсетіп келді. Мәселен, осыдан 2 жыл бұрын "Қазақфильм" киностудиясы әкімдікке "Алмас қылыш" фильмін түсіруге қажетті 200 млн теӊге көлеміндегі қаржыландыруға қатысты өтінішпен жүгәнді. Сол кезде қала әкімдігі қолдау көрсетіп, демеуші табуға жәрдемдесті. Біз қайталап айта кетейік, әкімдік аталған жер теліміне қолжетімділікті шектеу немесе фильмдер түсіріліміне кедергі келтіруді көздеп оытрған жоқ. Қазір жобаны жүзеге асыру бойынша тек Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге байқау жариялау сатысында ғана тұр және ол іс жүзіге көшкенше барлық фильмдердіӊ түсірілімін аяқтауға уақыт жеткілікті. Бұған қоса "Ethnoland" этно-мәдени кешені пайдалануға берілгеннен кейін де киностудия оныӊ табиғи мүмкіндіктерін өз мақсатында пайдалана алады.

Біздіӊ пайымдауымызша, бұл жер барлық қала тұрғындарыныӊ көз қуанышына және тартымды туристік нысанға айналуға тиіс", - деп түсіндірді Мақсат Қиқымов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны