11.09.2017, 11:52 3070

Алматыда "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында КitapFest-2017 фестивалі өтті

Кітап фестивалін Алматы қалалық Мәдениет және мұрағаттар басқармасы, Алматы қаласыныӊ Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі және іс-шараныӊ басты серіктесі - "Бауыржан" қайырымдылық қоры бірлесе ұйымдастырды.

Алматы. 11 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда Ғылым академиясыныӊ алдындағы алаӊда бірегей мәдени оқиға - KitapFest-2017 кітап фестивалі өтті. Кітап фестивалі дегеніміз - қазақстандық жазушылармен кездесуден бастап балаларға арналған танымдық шеберлік сабақтарына дейінгі интерактивтік алаӊдардыӊ кеӊ ауқымды таӊдауы. Іс-шараныӊ мақсаты халықты кітап оқуға тарту, кітаптыӊ және кітап оқудыӊ, білім мен мәдениеттіӊ маӊызын көтеру, қазақстандық жазушылар мен олардыӊ әдеби туындыларын танытуға түрткі болу, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

KitapFest-2017 кітап фестивалі "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын жүзеге асыру шеӊберінде өткізіліп отыр. Кітап дегеніміз - тек жаӊа білім көзі ғана болып қоймай, сонымен бірге өзін-өзі жетілдіру жолы болып табылады. Ел президенті "білімдарлыққа ұмтылуға шақырады. Өйткені, әрбір қазақстандық білім дегеніміз - келешектегі табыс пен сәттіліктіӊ еӊ іргелі факторы екенін түсінуге тиіс". Білімге қатысты дәл осындай көзқарас адамдарға тұрлаулы келешек қалыптастыру үшін жауапкершілікті өздеріне жүктеп алуға мүмкіндік береді. Ол сапалы базалық білім алуға қолжетімділікті жақсартуға, оқу бағдарламаларыныӊ бағдарын өзгертуге, жұртшылықты оқытуға және хабардарлық деӊгейін көтеруге, қазір қажетті және келешекте қажет болатын білімді, құзырлылық пен қарым-қатынастарды дамытуға жәрдемдесуге бағытталған, деп хабарлайды Алматы қалалық Ішкі саясат басқармасы.

Кітап фестивалін Алматы қалалық Мәдениет және мұрағаттар басқармасы, Алматы қаласыныӊ Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі және іс-шараныӊ басты серіктесі - "Бауыржан" қайырымдылық қоры бірлесе ұйымдастырды.

Фестивальге келушілер "100 үздік қазақстандық кітап" кітап көрме-жобасыныӊ тұсаукесеріне қатысты, сондай-ақ, "Балалар кітабыныӊ әлемі" көрмесіндегі кітаптармен танысты. Кітап фестиваліне жыл сайын қатыса келе, Алматы қаласыныӊ Орталықтандырылған кітапханалар жүйесініӊ қызметкерлері EXPO-2017 әріптерініӊ пішінінде бірегей конструкция құрастырды.

Алматы кітап фестивалініӊ кітапсүйер қауымына арнап түрлі бағдарламалар әзірленді, атап айтқанда, Идеби-музыкалық қонақжай, "Оқып шығуды ұсынамын" акциясы, "Оқып шық та, келесі адамға жалғастыр" атты буккросинг, қағаздан модельдер жасау бойынша балаларға арналған шеберлік сабақтары және "Туған жер" тақырыбында асфальт бетіндегі суреттер байқауы ұйымдастырылды.

Алматы қалалық Ішкі саясат басқармасыныӊ хабарлауынша, KitapFest-2017 кітап фестивалі Кітап пен Кітап оқуды ұнататын қауымды толық біріктірді. Өйткені, кітап - қай уақытта болмасын, барлық ұлт өкілдерініӊ өзара қарым-қатынас орнатуына жол ашатын әмбебап тәсіл болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны