13.05.2011, 17:38 3833

Алматыда рұқсат етілмеген 52 сауда орны жойылды

"Атап айтқанда, Алатау ауданында 2 орын, Алмалы ауданында 15 орын, Иуезов ауданында 5 орын, Бостандық ауданында 9 орын, Медеу ауданында 11 орын табылып, жойылды. Түркісіб ауданында 10 автокөлікпен сауда жасаған рұқсат етілмен сауда нүктесі жойылды", - делінген хабарламада.

Алматы. 13 - мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда рұқсат етілмеген 52 сауда орны жойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, өткен аптаның ішінде 52 рұқсат етілмеген сауда орындары анықталып, жойылған. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің департаменті хабарлайды.

"Атап айтқанда, Алатау ауданында 2 орын, Алмалы ауданында 15 орын, Иуезов ауданында 5 орын, Бостандық ауданында 9 орын, Медеу ауданында 11 орын табылып, жойылды. Түркісіб ауданында 10 автокөлікпен сауда жасаған рұқсат етілмен сауда нүктесі жойылды", - делінген хабарламада.

Одан бөлек, өткен аптада 10 базарға жақын аумақтардағы рұқсат етілмеген сауданы жою бойынша рейдтер өткізілді. Ол жерлерден көкөніс, жеміс-жейдек және нан өнімдері, сүт өнімдері және т.б. бойынша рұқсат етілмеген 41 орын табылып, жойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны