21.12.2012, 17:28 3181

Алматыда "Саламатты қала" акциясы аясында 37 мың адамның жүрек сырқатына шалдыққаны анықталды

Аталмыш акция 2012 жылдың ақпан айынан бері "Саламатты Қазақстан" бағдарламасының аясында жүзеге асырылып отыр.

Астана. 21-желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматыда "Саламатты Қазақстан" акциясы аясында 1 жылдың ішінде скринингтік тексеруден өткен халықтың 37 мыңға жуығы жүрек-қан тамырлары ауруымен ауыратыны анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы қалалық "Салауатты өмір салтын қалыптастыру" орталығының профилактикалық бөлім меңгерушісі Жанна Иса мәлім етті.

Аталмыш акция 2012 жылдың ақпан айынан бері "Саламатты Қазақстан" бағдарламасының аясында жүзеге асырылып отыр.

Шара барысында скринингтен өткен 35-60 жастағы әйелдердің 10 мыңынан сүт безі қатерлі ісігі, 5 мың әйелден жатыр мойны қатерлі ісігі, 600 адамнан қант диабеті ауруының бастапқы белігілері анықталса, 470 адамда глаукома ауруының, 24 адамда тік ішек, тоқ ішек қатерлі ісігінің алғашқы кезеңі дамып келе жатқаны белгілі болды. Сонымен қатар, 75 мың баланың түрлі патологиялық аурулармен ауыратыны анықталды.

"Скринингтік тексеру қала халқының денсаулығын нығайтып, білінбей дамып жатқан қауіпті дерттен болатын адам өлімін қысқартары сөзсіз. Кез-келген дертті алғашқы кезеңде оңай жеңуге болады. Сондықтан, қала халқын осындай тексерістен өтуге шақырамыз", - деді Жанна Иса.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны