28.05.2018, 21:28 9635

Алматыда салық төлеушілердіӊ жаӊарған орталығы ашылды

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында мемлекеттік кіріс департаментініӊ Жетісу ауданы бойынша салық төлеушілердіӊ жаӊарған орталығын аралап көрді.

Алматы. 28 мамыр. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында мемлекеттік кіріс департаментініӊ Жетісу ауданы бойынша салық төлеушілердіӊ жаӊарған орталығын аралап көрді.

Мегаполис басшысы жақсарған салықтық әкімшіліктіӊ бизнесті дамытатын және жеке капитал мен кәсіпкерлік қаласы болып табылатын Алматыдағы мемлекеттік органдардыӊ басты бағыты екенін атап өтті.

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кіріс Департаментініӊ басшысы Асқар Тынысбеков қазіргі кезде мегаполистіӊ төрт ауданында жаӊарған жұмыс форматы бойынша қызмет көрсетіліп жатқанын айтты. Жаӊарған орталықта салық төлеушініӊ категориясы бойынша модератордыӊ бөлуіне орай "пакетті қызмет" көрсетілуде.

"Яғни кәсіби бухгалтерлерге, ісін жаӊа бастаған кәсіпкерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға және басқа категориядағыларға түрлі операторлар қызмет көрсетеді. Балаларымен келгендер балалар алаӊында "Балапан" пакетін пайдалана алады.Салық төлеушілердіӊ өздеріне өздері қызмет көрсетулері үшін терминалдары бар аймақтар жұмыс істейді", - деп хабарлады Асқар Тынысбеков.

Бұрындары Алматыда әкімдіктіӊ "Open Almaty" қоғамдық қабылдауы ашылған болатын, мұнда ХҚКО қамтымаған қызметтер "бір терезе" қағидасы бойынша көрсетілуде. Алматылық бұл жоба "Ақылды қалалар" европалық форумыныӊ және ТМД елдерініӊ "Өмір сүруге жайлы қала" конкурсыныӊ марапаттарына ие болған еді. Алматы әкімдігініӊ қолдауымен қалалық прокуратура басқарудыӊ заманауи технологияларын қолдана отырып, құқық қорғау қызметініӊ орталығын ашқан болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны