15.05.2008, 18:01 3021

Алматыда салынып жатқан метро құрылысының басшылығы қосымша 10,5 млрд теңге сұрап отыр

Алматыда салынып жатқан метро құрылысының басшылығы қосымша 10,5 млрд теңге сұрап отыр

Алматы. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматыдағы метро құрылысы мәселесі жөніндегі жиналыста "Салынып жатқан Алматы қаласы метрополитенінің дирекциясы" МҚК директоры Имір Ғалиев 2008 жылдың екінші жарты жылдығында метро құрылысын 10,5 млрд теңгеге қосымша қаржыландыру жөнінде қала әкімі Ахметжан Есімовке өтініш жолдаған. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, метро қаланың маңызды құрылыс нысаны және оның құрылысы бүгінде басты проблема тудырып отырған мәселе екенін атап өтті.

"Салынып жатқан Алматы қаласы метрополитенінің дирекциясы" МҚК, "Алматыметроқұрылыс" АҚ, сондай-ақ, "Метрожоба" басшылықтары метро салу жағдайын баяндады.

"Биылғы жылдың ақпан айында метроның алғашқы кезегін 2009 жылдың 1 шілдесінде пайдалануға беру туралы шешім қабылданған болатын. Алайда, сарапшылар бірқатар нысандар құрылысының мерзімінен айтарлықтай кешігуіне байланысты бірқатар проблемаларды ескере келе белгіленген уақытта аталмыш тапсырмаларды орындау мүмкін емес", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жиналыс барысында атап көрсетілгендей, бас мердігер мен жобалаушыға инженерлік желілер мен коммуникация құрылысы бойынша, шахталардан топырақ пен арнайы техниканы шығару бойынша, сәулет, әрлендіру, сондай-ақ, әкімшілік ғимарат пен диспетчерлік пункттерді салу бойынша үлкен жұмыстар күтіп тұр.

А. Есімов бірінші желіні дер кезінде және табысты пайдалануға беру үшін барлық қызметтер мен департаменттерге метро салуда мердігерлерге қажетті қолдау көрсетуді, барлық жұмыс көлемін сараптауды, құрылыс қарқынын арттыруды тапсырды. "Метроның белгіленген мерзімінде аяқталғаны аса маңызды. Оны алматылықтар асыға күтіп отыр. Оны бүкіл Қазақстан күтіп отыр және бұл елбасының тапсырмасы", - деді Алматы қаласының әкімі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны