26.10.2015, 09:52 3562

Алматыда сауда үйінде жаппай төбелеске қатысқандар ұсталды

Алматы полициясы сауда үйініӊ жанында жаппай жұдырықтасуға жол бергендерді ұстады. Оқиға 18 қазанда болған. Олардыӊ әрекеті бейнекамераға түсіп қалған. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады

Алматы. 26 Қазан. Kazakhstan Today - Алматы полициясы сауда үйініӊ жанында жаппай жұдырықтасуға жол бергендерді ұстады. Оқиға 18 қазанда болған. Олардыӊ әрекеті бейнекамераға түсіп қалған. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бостандық аудандық ІІБ қызметкерлері анықтағандай, жанжал ғимараттыӊ екінші қабатындағы дәмхананыӊ күзетшілері мен олардыӊ таныстары арасында шыққан. Өзара ымыраға келген соӊ тараптар полицияға хабарламаған, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Қазір аталған дерек ҚР ҚК 293 бабыныӊ 2 тармағы бойынша бірыӊғай сотқа дейінгі тергеу ісі тізіліміне тіркелді.

Бостандық ауданы ІІБ барлық қатысушыларды ұстады. Олар уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Жақын арада оларды тергеу амалдарына дейін бұлтартпау шарасы қабылданады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны