27.09.2018, 18:10 3416

Алматыда "Сейсмикаға төзімді құрылыс технологиялары" халықаралық семинары болып өтті

"Сейсмикаға төзімді құрылыс технологиялары" халықаралық семинарыныӊ шеӊберінде Қазақстан мен Жапонияныӊ құрылыстарды бекіту қағидаттарыныӊ ортақ жерлері көп екендігін айтты.

Алматы. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - Жапон сейсмикалық оқшаулау қоғамыныӊ (JSSI) атқарушы директоры, Кенжи Савада (Mr.Kenji Sawada) Алматы қаласында жұмыс бабымен келген сапарында, "Сейсмикаға төзімді құрылыс технологиялары" халықаралық семинарыныӊ шеӊберінде Қазақстан мен Жапонияныӊ құрылыстарды бекіту қағидаттарыныӊ ортақ жерлері көп екендігін айтты.

"Жапония шағын мемлекет, бірақ біздіӊ сейсмикаға төзімді құрылыс саласында, әсіресе, сейсмикалық оқшаулағыш технологияларды қолданудағы тәжірибеміз мол. Қазақстандық әріптестермен кездесу барысында біздіӊ сейсмикаға төзімді құрылысты дамыту саласында тәсілдеріміз ұқсас және менталдылығымызда да ортақ нәрсе көп екендігін байқадық. Сарапшылық әӊгімелесу өте конструктивті болды, қазақстандық мамандар Жапонияныӊ сейсмикалық оқшаулағыш технологияларды пайдаланудағы тәжірибесіне үлкен қызығушылық танытты", - деді Савада (Mr.Kenji Sawada). - Заӊнамалық деӊгейде Жапониядағы құрылысшылар сейсмикалық оқшаулағыш технологияларды пайдалана отырып құрылыс салуға міндетті емес. Сол уақытта ауруханалар, балабақшалар, өрт сөндіру бөлімдері, қалалық әкімшілік ғимараттары, ақпарат сақтау орталықтары сияқты әлеуметтік маӊызы бар объектілерді жобалау кезінде сейсмикалық оқшаулағыш тығырықтарды немесе демпферлерді пайдалану заӊмен регламенттелген"

Өз кезегінде, Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтыныӊ ("ҚазҚСҒЗИ" АҚ) сарапшылары жапондық әріптестеріне Қазақстандағы сейсмикаға төзімді құырылс бойынша нормалар қалай дамып жатқанын, жаӊа құрылыс материалдарын сейсмикаға төзімділікке қалай тексеретіні туралы айтып берді.

Жақын арада Жапондық Хоккайдода болған жойқын жер сілкінісінен кейін шетелдік мамандарды қазақстан мамандарымен сәтті қолданылатын тау беткейлері мен тереӊ қазаншұӊқырлардыӊ бөктерлерініӊ сейсмикалық төзімділігін нығайту қызықтырды. "Қазақстанда сейсмикаға төзімді құрылыс мектебі мықты. Ғимараттар мен құрылыстарды нығайтуға арналған сейсмикалық оқшаулағыш материалдар бізде көп жылдардан бері қолданылып келеді, алайда жапон әріптестерініӊ сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы тәжірибесі бағалы болып саналады, себебі арнайы конструкцияларды (демпферлер мен сейсмикалық сөндіргіштер) пайдалануды көздейді. Қазақстан мен Жапония арасындағы ғимараттар мен құрылыстарды жойқын апаттардан қорғау саласындағы халықаралық серіктестігі жалғасады және практикалық және эксперименталдық арнаға өтеді деген үміттеміз", - деп "ҚазҚСҒЗИ" АҚ Өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Ералы Шокбаров үміттенетінін айтты.

Анықтама

"ҚазҚСҒЗИ" АҚ - өте күрделі инженерлік-геологиялық шарттарымен аудандарды және сейсмикалық қауіпті өӊірлерді қосқанда Қазақстанныӊ құрылыс саласын дамыту саласындағы Қазақстандағы жалғыз мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты.

Институт 1931 жылдыӊ 7 қыркүйегінде құрылған. Қазақстанныӊ құрылыс нарығында 85 жыл тәжірибесі бар.

"ҚазҚСҒЗИ" АҚ Жалғыз Акционері Қазақстан Республикасыныӊ Иныестициялар және даму министрлігініӊ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны