23.07.2015, 13:05 3324

Алматыда сел тасқынынан зардап шеккендерге көмек мақсатында 2 млрд. теӊге бөлінді

Бүгін таӊертеӊ қалалық мәслихатта Алматы қаласыныӊ әкімі Ахметжан Есімов қалада төтенше жағдай режімі жарияланғанын мәлім етті

Астана. 23 Шілде. Kazakhstan Today - Бүгін таӊертеӊ қалалық мәслихатта Алматы қаласыныӊ әкімі Ахметжан Есімов қалада төтенше жағдай режімі жарияланғанын мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бұл сел тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғындарға дер кезінде көмек көрсету мақсатында жасалып отыр. Төтенше жағдай аясында 2 млрд. теӊге бөлінді", - деп хабарлайды Алматы қаласы әкімініӊ баспасөз қызметі, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Бүгін таӊертеӊгі сағат 06:20-да оқиға болған аймақты тікұшақпен аралау барысында 3500 метр биіктікте мұздықтар мен мореналық көлдер басталатын тұста ауа температурасы 11 градус болды. Сол көлдердіӊ бірініӊ табаны бұзылып, суы бөгетке қарай аққан. Қарғалы өзеніндегі бөгет жартысына дейін суға толды. Қазір ешқандай қауіп жоқ. Оперативтік штаб жұмыс істеп жатыр. Келтірілген шығынныӊ көлемі есептелуде. Төтенше жағдай жарияланған жағдайда зардап шеккендерге қажетті сома бөлінеді", - деді А.Есімов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны